№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Алтын үшін 4 миллион теңге: боксшылар қанша сыйақы алады

Алтын үшін 4 миллион теңге: боксшылар қанша сыйақы алады


Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Черногорияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорын жариялады
2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионаты 20 қазаннан 6 қарашаға дейін Будвада (Черногория) өтіп жатыр. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, турнирдің жүлде қоры 500 мың долларды (244 миллион теңге) құрайды. 
Алтын медаль иегерлері 8 мың доллар (3,9 миллион теңге), күміс жүлдегерлер 4 мың доллар (1,95 миллион теңге), қола медаль иегерлері 2 мың доллар (978 мың теңге), ал ширек финалға шыққан спортшылар 1 мың доллар (489 мың теңге) алады. 
Қазақстан құрамасынан 8 спортшы әлем чемпионатында медальдарға ие болды. Ерлер арасында жартылай финалға өткендер: Диас Берікбай (48 килограмм), Торехан Сабырхан (67 килограмм), Санжаралы Бегалиев (75 килограмм) және Расул Асанханов (92 килограмм). 
Әйелдер арасында жартылай финалға шыққандар: Анель Абдрасилова (48 килограмм), Аружан Жанабаева (63 килограмм), Толғанай Қасымхан (60 килограмм) және Аружан Зейноллаева (81 килограмм). 
Қазақстандықтардың жартылай финалға өтуі оларға осы турнирде кем дегенде қола медальдарды қамтамасыз етті. 
31 қазан 2024 ж. 348 0