№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Төрехан Сабырхан және тағы 7 қазақ боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Төрехан Сабырхан және тағы 7 қазақ боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты


Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдың алғашқы күні аяқталды. Қазақстандық 8 боксшы келесі кезеңге жолдама алды
Ширек финалдың бірінші күні шаршы алаңға 9 қазақстандық боксшы шықты. Оның сегізі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. Ерлер құрамасынан Диас Берікбай (48 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг) және Расул Асанханов (-92 кг) енді финалға жолдама алу үшін жұдырықтасады. Қыздар құрамасынан тек 70 кг салмақта сынға түскен Мария Сидоренко жеңілді. Ал Әнел Абдрасилова (48 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Аружан Жаңабаева (63 кг) және Аружан Зейноллаева (81 кг) жартылай финалда бақ сынайды. Бүгін, 30 қазанда ширек финалдың екінші күні болады. Ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) және Аслан Елдібайұлы (+92 кг) сынға түседі. Ал қыздар құрамасынан Елянур Турганова (50 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Ұлдана Таубай (66 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг) және Панар Сейітханқызы (+81 кг) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Еске салайық, Черногориядағы жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына қазақстандық 18 боксшы (8 ұл, 10 қыз) шыққан еді.
30 қазан 2024 ж. 369 0