№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Елімізде қолхат жазып алған қарызын өтей алмағандар да өзін банкрот деп жариялай алады

Елімізде қолхат жазып алған қарызын өтей алмағандар да өзін банкрот деп жариялай алады

Елімізде қолхат жазып алған қарызын өтей алмаған азаматтар да өзін банкрот деп жариялай алады. Ол үшін сотқа жүгініп, материалдық жағдайының төмен екенін дәлелдеуі керек. 

Деректерге сүйенсек, банкрот деп танылған Астана қаласы, Абай және Қостанай облыстарының тұрғындарының атына рәсімделген 42 миллиард теңге несие кешірілген. Банктегі берешек жойылғанымен халықтың қаржылық жағдайы белгілі бір уақытқа дейін тексеріліп тұрады. Егер 3 жылда азаматтың табысы артса, қарызды қайтаруға қайтадан міндеттелуі мүмкін.
“Егер де берешек сомасының 30 пайызын немесе одан да жоғары сомасын өтей алатындай жағдайға жетсе, сот арқылы банкроттығы жойылуы мүмкін. Банкрот болған тұлғалар 5 жылда несие ала алмайды. Бірақ шетелге шыға алады. Ондай шектеу жоқ”, – деді Жетісу облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Асқар Қамзаев. 
Банкроттыққа өтінім берген жеке тұлғалардың көбі – 18 бен 41 жас аралығындағы адамдар. Бірақ олардың 75 пайызының өтініші мақұлданбаған. Өйткені көбінің төлем мерзімі сәйкес келмеген. Ал кейбірінің атында дүние-мүлкі бар екені анықталған. 
“Арнайы ақпараттық жүйе іске қосылған еді. "Қолдау" деп аталады. Азамат өтініш берген бетте ол кісінің өтініші осы ақпараттық жүйеде өңделіп, борышкердің банкроттық рәсімінің талаптарына сай екендігі 26 мемлекеттік органдармен, ұйымдардың базаларымен автоматты түрде салыстырылады”, – деді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Балғын Қанділдә. 
Былтыр қабылданған заңға сәйкес несиені бір жылдан артық төлей алмағандар банкрот бола алады. Егер қарызы 5 миллион 900 мың теңгеден аспаса соттан тыс банкроттыққа, ал, берешегі бұдан көп болған жағдайда сотқа жүгінеді.
“Заңның 5-бабына сәйкес банкроттыққа баратын жеке тұлғаның атында мүлік болмауы керек. Одан кейін міндетті түрде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі керек”, – деді Асқар Қамзаев.
Деректерге сай, бүгінде қазақстандықтар банкке 22 триллион теңге берешек.
30 қазан 2024 ж. 266 0