№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жеке тұлға банкроттығы: Өтінім қабылдау басталды

Жеке тұлға банкроттығы: Өтінім қабылдау басталды



Елімізде жеке тұлға банкрот­тығы бойынша өтінім қабыл­дау басталды. Елімізде банк, мик­ро­­қаржы ұйымдары алдында бе­решегі бар азамат саны 8 млн-­нан асады. Олардың жалпы қарызы 8 трлн теңге көле­мінде. Осыншама азаматтың тек 1­,5 млн-ның қарызды төлеме­геніне 90 күннен асып, NPL90+ межесіне шығып кеткен. Қаржы министрлігінің болжауынша, банкроттық рәсімін ел бойынша 1,1 млн адам пайдалануы мүмкін.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов­тың айтуынша, жыл басталғалы 15 мыңнан астам адам банкроттық мәселелері бойынша түрлі сұрақпен жүгінген. Вице-министр борышкердің басым бөлігінің (1/5) Алматы қаласында шоғырланғанын жеткізді. 
«Заңнама дайындалғаннан бас­тап қыз­меткерлер өңірлерді аралап, борышкер үлесі көп аймақтарда түсін­діру жұмыстарын жүргізді. Атап айт­қанда, ол – Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы. Борышкерлердің бестен бірі Ал­маты қаласында шоғырланған. Бан­к­роттықтың несие қарызын кешіру ак­циясы емес екенін түсіну маңызды. Жеке тұлға банкрот деп танылған соң бес жыл бойы несие ала алмайды. 7 жыл бойы тізімде тұрады және 7 жылдан кейін ғана банкроттық рәсімін қай­­та пайдалана алады. Мемлекеттік кі­ріс­т­ер органдары 3 жыл бойы банкрот мәр­­тебесін алудың заңдылығына және жал­­тарудың түрлі схемаларын пай­да­­лан­бауға қатысты қаржылық мони­то­­ринг жүргізеді. Басқа мемлекеттерде елден тыс жерлерге шығу, қандай да бір қызметпен айналысу немесе сайланбалы лауазымдарға орналасу бойынша қатаң санкциялар қолданылады. Елімізде мұндай талаптар қойылып отырған жоқ. Сонда да өтініш бермес бұрын азаматтар ойлануы керек. Банкроттық – бұл адамға белсенді экономикалық кезеңге өтуге көмектесетін соңғы шара», деді министрлік өкілі.
04 наурыз 2023 ж. 183 0