Ұлттық мерекеде-мәртебелі марапат
Бүгін ел тарихындағы ең ұлык мереке - республика күні атап өтілуде. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн.
Осынау ұлық мереке қарсаңында облыс орталығында "AMANAT" партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек партияның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттап, мерекемен құттықтады:
-Бұл мерекені біз біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, баршамыздың туған елімізге адал ниетіміздің нәтижелі нышаны деп білеміз. Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріліп, кең көлемде тойлануда. Өз кезегінде тарихи және идеологиялық мәні мен мазмұны терең айтулы күннің еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет жасайтын, елеулі істер мен ізгі бастамаларды жалғастыратын барша жерлестеріміздің отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастыратыны сөзсіз,-деп жүрекжарды лебізiн бiлдiрдi.
Сондай-ақ, марапат мінберiнен ауданымыздың ардақты азаматтары да марапатталды. Атап айтсақ, "Белсенді қызметі үшін" төсбелгісімен партия ардагері Ахметов Аллаберген марапатталса, "Құрмет" грамотасымен Мажитов Арман Әбiлпейicулы биiктен көрiндi.
Бұл еселі еңбек пен халыққа еткен қалтқысыз игі iстiн жемісі екенi белгілі. Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, абырой биігінен көрінулеріне тілектеспіз.