№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өңір көрсеткішінде өсім бар

Өңір көрсеткішінде өсім бар


Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалық етуімен өткен Үкімет отырысының күн тәртібінде 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік - экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды. Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша өңір ахуалын жан-жақты сараптап, тиісті сала мамандарын тыңдады.


2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларын­да өңірімізде барлық макроэкономиалық көрсеткіштер бойынша өсім қалыптасқан. Аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша макрокөрсеткіштердің оң қарқыны қамта­масыз етілген. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндады. Мемлекет басшысының осы жылы Қызылорда облы­сында экономикалық өсімді 7 пайызға қамта­масыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 6 макрокөрсеткіш белгіленіп өң­ірде жоспарлы параметрлер айқындалды. 9 айдың қорытындысымен сараптап қарағанда үш сала бойынша: өңдеу өнеркәсібі, көлік қызметі, ақпарат және байланыс қызметі көлемін орындауда іркіліс байқалды. Осы бағытта жұмыс жасауымыз керек, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Жалпы 2024 жылдың 1 қазанына облыс бюджеті қаражаттарының игерілуі 99, 7 пай­ызды құрайды.
Мәжілісте қаралған екінші мәселе бойын­ша Шардара су қоймасынан вегетациялық кезеңінде Арал теңізіне түскен судың көлемі едәуір ұлғайғанын, мәселен 2022 жылдың қазан айында су көлемі 18,5 млрд текшеметрге де жетпесе, биылғы жылы су көлемі 22 млрд текшеметрге жеткені туралы айтылды.
Облыста су үнемдеуге байланысты тех­нологияның көздерін қарастырып, жұмыс­ты күшейту, әсіресе Шардара су қойма­сынан Сырдария өзеніне түсетін мол суды тиімді пайдаланып, шабындықтар мен жай­ылымдықтарға су құятын көлдерді толтырып алудың маңызына тоқталды.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ирригация жүйелері жауапты мамандарына су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысып, көктемгі қарқын суды жинап оны диқан­дардың әжетіне жарату мақсатында бекеттер­ді жөндеуді тапсырды. Су саласын дамыту­дың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында облыс бойынша жалпы құны 148 млн теңгені құрайтын 112 жоба енгізілді, Осы жоспарға енгізілген жобаларды іске асыру бойынша қарқынды жұмыс жасалуы қажет.
Ағымдағы жылдың 14 қазандағы мәлімет бойынша Сырдария өзенінің ағысын реттейтін су қоймаларында су көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд текшеметрге артты. Қыс айларында төменге жіберілетін су көлемі ұлғаюы мүмкін, осыған байланысты мұзды суды қауіпсіз өткізу шараларына дайындық күшейтілуі керек.
Биыл вегетация кезеңінде су барлық шаруа­шылықтарға жеткізілді. Шаруашылықтар да осы кезден суды үнемдеуге жұмыс жасауы керек. Пайдаланған судың қаражаты төленуі керек.
Бүгінге дейін қалыптасқан 911 млн теңге қарызды төлеу мәселесі ескертілді.
Облыс әкімдігі мәжілісінен соң аудан әкімі Мажит Самитұлы жиналыста қаралған өзекті мәселе – су шаруашылығы мекемесіне шаруа қожалықтарының суға қарыз төлемдер бойынша қарызын өндіру бойынша ауыл әкімдеріне нақты тапсырма берді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
19 қазан 2024 ж. 189 0