№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алматылық көпбалалы ата-ана ForteBank-тен Toyota Camry көлігін ұтып алды

Алматылық көпбалалы ата-ана ForteBank-тен Toyota Camry көлігін ұтып алды



Алматылық көпбалалы әке Заңғар Тілеубаев ұтыстан Toyota Camry көлігін жеңіп алды. Отбасы жарты жыл бұрын үйлеріне тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге алған кезде чектерінің осындай сәттілік әкелетінін ойламаған. Осылайша ForteBank-тің "ОйБой Camry" промо-науқаны тағы бір отбасыға үлкен қуаныш сыйлады. 

Заңғар мен Салтанат – төрт ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ата-ана. Ерлі-зайыпты мұндай ойындарды ешқашан ұтып көрмеген. Олар алты ай бұрын үйлерін жөндеп, бөліп төлеу арқылы тұрмыстық техника алған. Алайда соның чегі пайдаға жарайды деп тіптен ойламаса керек.  
"Өзім ForteBank қызметін қолданамын. Себебі жалақым сол арқылы түседі. Кейде тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге алатынмын. Міне, үйімізге жөндеу жасаған кезде барлығын жаңартайық деп шештік. Осылайша сол кездегі чектің бірін пайдаланып, жолым болды. Сәттілік билетін алдым десем де болады. Мұндай жарыстардан ешқашан жеңген емеспін. Тіпті алғашында бұған сенбедім", – деді Заңғар Тілеубаев.

Салтанат та алғашында бұл ұтысқа сенбегенін, тіпті алаяқтар ма деп күдіктенгенін жасырмады.
"Үйде балалармен отырғанымда күйеуім ұтыс туралы хабарлады. Алдымен сақ болуға кеңес бердім. Ешқандай сілтемелерге өтпеуін сұрадым. Бірақ бәрібір ғажайыптар болады екен. Біз өте қуаныштымыз!" – деді ол. 
Заңғар жұбайымен бірге көлік кілтін алу үшін Астанаға Алматыдан арнайы ұшып келді. Көпбалалы ата-ана жаңа көліктің енді өздеріне үлкен көмек болатынын айтады. 

"Балалар фортепиано, теннис, су полосымен айналысады. Кейде тіптен үлгермей жатамыз. Оның үстіне, Алматы мен оның кептелісі баршаға аян. Енді біздің екі көлігіміз бар. Сондықтан бәріне үлгереміз. Балаларды таңертең мен, кешке жұбайым апарады. Әрине, мұндай сәттілік басқаларға да жұғысты болсын дейміз. Басқа отбасылар да осындай бақытқа кенелсін деп тілейміз", – деп қосты жеңімпаздар.

Заңғар Forte өнімдерін белсенді қолданады. Forte картасы арқылы жалақы алып қана қоймай, сонымен қатар өзге де тиімді қызметтерді пайдаланады.
"Өмірім ForteBank-пен тығыз байланысты. Біздің зауыт Forte қызметін пайдаланады. Жалақы түсетін картам бар. Сонымен қатар несие де алып, black несие картасын да қолданамын. Ал жақында Solo картамды Visa Signature-ге ауыстырдым. Ол жылына 10 демалыс аймағына тегін кіруге мүмкіндік береді. Банк карталарының бонустары да өте жақсы. Олардың қалай жиналып жатқанын қадағалап отырамын", – деді Заңғар.
2018 жылдан бастап "ForteBank" АҚ әр тоқсан сайын автомобиль ойнатады. Бұл жолы "ОйБой Camry" промо-науқанына 17 мыңнан астам адам қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаз Instagram-да кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталды. Қатысу үшін 100 000 теңгеден басталатын сомаға несие ресімдеу немесе Forte-де қайта қаржыландыру қажет. ForteBlack картасының несиелік лимитін пайдалану арқылы да қатыса аласыз.
17 қазан 2024 ж. 163 0