Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Түркістан облысында білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысында білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысы прокуратурасы білім саласынан жымқырылған 1,5 миллиард теңге мемлекетке қайтарылғанын мәлімдеді. 

Түркістан облысында білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Мәліметтерге сенсек, оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысты.
Ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді.
Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 миллиард теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 миллиард теңге мүліктеріне тыйым салынды.
16 қазан 2024 ж. 266 0