Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Көшпенділер ойындары: көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді

Көшпенділер ойындары: көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстанды айқын басымдықпен жеңді


Көкпардан Қазақстан құрамасы Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының іріктеу кезеңінде Өзбекстан командасын ірі есеппен жеңді.

"Қазанат" ипподромында өткен бәсекеде Қазақстан құрамасы 16:0 есебімен басым түсті. Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы көкпар жарысына 9 мемлекеттен 104 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай, Моңғолия және Түркия мемлекетінің құрамалары өзара мықтыны анықтайды. 13 қыркүйекке дейін жалғасатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2430 қатысушы тіркелген. Бұл додаға Қазақстан құрамасынан 261 спортшы қатысады. Көшпенділер ойындарында 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
09 қыркүйек 2024 ж. 326 0