№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инвестиция – экономиканың тынысы

Инвестиция – экономиканың тынысы


Қазір кәсіпкерлік саласы мен ауыл шаруашылығына инвестиция тарту арқылы экономиканы көтеру жауапты міндет болып тұр. Әсіресе аграрлы салаға мемлекет қаржысынан бөлек инвесторлар шақыру аса маңызды. Себебі бұл сала ел экономикасының драйверіне айналуы тиіс. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы инвестиция және өзге де тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.


Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктелді. Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа инвестор тарту және сүйемелдеуде нақты бағыт белгіленген. Биыл 517 млрд 500 млн теңге инвестиция тарту межеленсе, көрсеткіш осы жылдың 7 айында 57,2 пайызға орындалды. Барлық көзден 296,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Оның 75,6 пайызы – жеке инвестициялар. Жыл соңына дейін жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарлануда. Индикатордың орындалуы бойынша облыс республикадағы алдыңғы орында.
Соңғы 2 жылда облыста 19,6 млрд теңгенің 22 инвестициялық жобасы іске қосылды. Биыл 31,3 млрд теңгенің 14 жобасын жүзеге асыру, 409 жаңа жұмыс орнын құру көзделуде. Одан бөлек, инвестицияның жаңа толқынын тарту мақсатында 77 млрд теңгенің 6 жобасы бойынша жұмыс басталды.
Өнеркәсіптік әлеует туралы айтсақ, өңірдің мұнай-газ саласында мол мүмкіншілік бар. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, өңдеу өнеркәсібі саласындағы жаңа жобаларды мерзімінде іске қосу тапсырылды. Аймақтағы электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешу үшін Қызылорда қаласында қуаттылы­ғы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы қарқынды жүруде. Сондай-ақ өңірде жылу желілерін жаңғырту, ыстық сумен қамту және өзге де маңызды жобалар қолға алынған.
Жеке кәсіпкерлікті қолдауға барлық қаржы көзінен 34,5 млрд теңге қарастырылды. Екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдары арқылы 3 мыңға жуық жоба қаржыландырылуда. Қолдау шараларының нәтижесінде соңғы екі жылда шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны 15,4%, өнім шығару көлемі 1,7 есе, салықтық түсім 45,4% ұлғайып, кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 18,9%-ға жетті.
Енді ауданға келсек. 2024-2028 жылдар аралығында ауданда 7 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобалар толық іске қосылған кезде 3 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішіндегі 3 жоба биыл іске қосылуда. «Qaratau fruіts» шаруа қожалығының алма бағы. Жоба құны 1,6 млрд теңге. Алма бақ толығымен тамшылатып суару технологиясымен жабдықталған. 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, «Qaratau fruіts» шаруа қожалығы жоба құны 2,5 млрд теңге болатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік жолы бойынан сыйымдылығы 5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. «Шалкия Минералс» ЖШС-нің минералды ұнтақтар өндіру цехы маусым айында іске қосылды. Бүгінгі таңда сынама өнімдер шығарылуда. «Абдуллаев Аманкелді атындағы зияткерлік мектебі» ЖШС 400 орындық мектеп-интернатының құрылыс жұмыстары аяқталды. Қажетті қондырғы құралдармен жабдықталды.
Бұдан бөлек, тағы ірі 4 жоба жүззеге асуға дайын. Оны алдағы уақыттың еншісіне қалдырайық. Қысқаша түйіндегенде, инвестиция – экономиканың тың тынысын ашатын жүйе. Сондықтан әрбір салаға салынған инвестиция болашаққа бастайтын жарқын жол деп қарауымыз керек.

Әли ТЕМІРБЕК
07 қыркүйек 2024 ж. 1 075 0