Фотокорреспондент Болат Омарәлиев дүниеден өтті

Болат Омарәлиев еңбек жолын 1966 жылы Алматы қаласында арнайы курс бітіріп келгесін фотограф болып жұмыс істеуден бастады. 1967 жылы Сырдария аудандық «Сырдария» газетінің редакциясына фототілші болып қабылданды. 1969 жылы облыстық «Ленин жолы» (қазіргі – «Сыр бойы») газетіне өз кәсібі бойынша ауысты. Содан бастап аталмыш басылымда 45 жыл үзіліссіз фототілші болып еңбек етіп, 2014 жылы зейнетке шықты.