№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Емханалар «МСАК көшбасшысы» атағы үшін сайысады

Емханалар «МСАК көшбасшысы» атағы үшін сайысады


1 қыркүйекте «МСАК көшбасшысы» республикалық байқауы басталады. Ұйымдастырушы - Әлеуметтік медициналық сақтандыруқоры.
1 қыркүйектен 30 қарашаға дейін еліміздің емханалары медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету (бұдан әрі –МСАК) жөніндегі үздік медициналық ұйым атағы үшін сайысады.
Осы сайыстың қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Қор) ZOOM конференциясы барысында МСАК ұйымдарына байқаудың шарттарын түсіндірді. Облыста Қормен шарт жасасқан 25 медициналық ұйым бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететінін айта кеткен жөн.
Қор филиалының директоры Жақсылық Абдусаметовтың айтуынша, байқау бірқатар индикаторлар бойынша өткізіледі: МӘМС жүйесімен қамтылмаған азаматтардың және диспансерлік есепте тұрған науқастардың шұғыл түрде ауруханаға жатқызылу санының азаюы, сондай-ақ емханалардың жұмысына шағымдардыңсанын төмендету, МӘМСжүйесінің артықшылықтары мен қағидаттарытуралы ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялау.
Сайыстың нәтижесін Қордың, Денсаулық сақтау басқармасының, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын комиссия қарайды.
«МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысы 2024 жылдың 15 желтоқсанында жарияланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
29 тамыз 2024 ж. 172 0