№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бүгін - Семей полигоны ашылған және жабылған күні

Бүгін - Семей полигоны ашылған және жабылған күні

Фото: triptonkosti.ru
Осыдан 75 жыл бұрын 1949 жылы 29 тамыз Семей полигонында Совет Одағындағы тұңғыш ядролық қару сынақтан өткізілді.

40 жылға ұласқан (1949–1989 жылдар) ядролық сынақта совет әскерилері мен ғалымдары Семей ядролық полигонында 460 ядролық, термоядролық және сутег қаруларды жерде, әуеде, жер астында және суда жарылыс жасады. 
Полигон аумағынан 55 әуе және жер үсті жарылыстардың радиоактивті бұлттары таралып, 169 жер асты сынақтардың газ сығындылары таралды. Дәл осы 224 жарылыс Қазақстан шығысының радиацияға орануына тікелей әсер етті.
1 милионнан астам қазақстандық ядролық қарудың құрбанына айналды. Семей полигонына жақын маңайдағы елді-мекен тұрғындары айықпас дертке шалдықты. Қатерлі ісік, жүйке жүйесі, аққан ауруы меңдеп, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда радиацияның әсерінен ауыр науқасты сәбилер дүниеге келді.
1980 жылдың соңынан бастап Қазақ КСР азаматтары полигонды жабуды талап етіп, соның арқасында ядролық сынақтарды жүргізу тоқтатылды.
Нәтижесінде 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.
29 тамыз 2024 ж. 127 0