№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты

Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты

Zhanaqorgan-tynysy.kz Алдағы бес жылда ерекше күтімді қажет ететін адамдар арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Сондай ақ оларға толықтай оңалту-сауықтыру қызметтері ұсынылады
Тұрақты күтімге мұқтаж және жеке көмекшісі жоқ бірінші топтағы мүгедектерге арнаулы жәрдемақы төленеді. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есе көбейтілген мөлшеріне тең болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев
"Тұрақты күтімге мұқтаж және жеке көмекші қызметін пайдаланбайтын бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығына қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Осыған орай берілетін арнаулы жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 есе көбейтілген мөлшеріне тең болады", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде.
Айтуынша, алдағы бес жылда ерекше күтімді қажет ететін адамдар арнаулы техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Сондай ақ оларға толықтай оңалту-сауықтыру қызметтері ұсынылады.

"Бірақ, ең бастысы, әр адамға табыс табу мүмкіндігін беру керек. Бұл ретте біз нақты шаралар қабылдаймыз. Соның нәтижесінде 2025 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту көрсеткіші 30 процентке жетеді", деді мемлекет басшысы. 
Сонымен қатар, Тоқаев жарымжан жандардың кәсіби қызметпен айналысуымен бірге білім алуына да жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.
Ол үшін бес жыл ішінде колледждер мен жоғары оқу орындары инклюзивті білім беру жүйесімен толық қамтылады.
Сонымен қатар мектепке дейінгі барлық мекеме мен мектептерде бұл көрсеткіш кезең-кезеңмен 70 процентке дейін жеткізіледі.

sputnik.kz
29 қараша 2020 ж. 698 0