№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

№53 (8867) 19

19 шілде 2025 ж.

№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

Алдағы қыркүйек айында Қызылорда облысында ауа температурасының орташа айлық көрсеткіші +18,9+21,3 градус болады деп күтілуде. Тиісінше, бұл нормадан 1 градусқа жоғары. Сондай-ақ, өңірде қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері аз болып, жиі шаңды дауыл болады деп болжануда. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Мағжан Сәдуақасов хабарлады.
 Қыркүйек айының бірінші онкүндігінде облыста ауа температурасы түнде +16+21 градустан +11+16 градусқа дейін болса, күндіз +35+40 градустан +30+35-қа дейін болады деп болжануда. Ал аймағымыздың солтүстігінде + 25 градусқа дейін төмендейді. Айдың екінші онкүндігінде түнде +4+9 градус, күндіз +20+25 градусқа дейін, облыстың солтүстік бөлігінде +16°С-қа дейін одан әрі төмендеуі күтіледі. Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі болжанады. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде 0,+5°С дейін, облыстың солтүстігінде үсік 2°С, күндіз +16+21°С дейін төмендеуі күтіледі. Содан кейін ауа температурасының түнде +5+10°С дейін, күндіз +21+26°С дейін жоғарылауы болжануда. Сондай-ақ, жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан аз болады деп күтілуде. Жаңбыр, найзағай екінші және үшінші онкүндіктердің басында күтіледі. Шаңды дауыл бірінші онкүндіктің ортасында болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с әр онкүндіктің басында деп болжануда,- деді Мағжан Ғалымұлы.

                                                                                                   Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
20 тамыз 2024 ж. 336 0