№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕГІНЖАЙ: ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРҒАН ЖАҢА БЕТБҰРЫСТАР

ЕГІНЖАЙ: ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРҒАН ЖАҢА БЕТБҰРЫСТАР


Биылғы егін шаруашылығында ерекшелік көп. Мұның басты тетігі суды үнемдеп пайдалануға келіп тіреледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кеше өткен егінге орақ салу рәсімінде тереңінен сөз етті.


– Ауыл шаруашылығы – аймақ экономикасын өрістеткен негізгі ба­ғыттардың бірі. Оның ішінде, ай­мақтың табиғи ерекшелігіне, ауа райы мен топырақ құрамына бейім­делген негізгі дақыл – күріш.
Соңғы жылдардағы су тапшылығы жағдайы Сыр диқандарына оңай соқпады. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның бастамасымен Үкімет Сырда­рия өзенінің жоғарғы ағысындағы мемлекеттермен дер кезінде келіс­сөз жүргізіп, қолдау-көмектер болуда. Нәтижесінде егісіміз сумен толық қамтамасыз етілді. Сол үшін барша Сыр диқандары атынан шексіз алғы­сымызды білдіреміз.
Вегетация кезеңіне бекітілген су лимитіне сәйкес күріш көлемі 84 мың 300 гектарға егілді.
Жыл сайын аграрлық саланы қолдауға қомақты қаржы бөлінуде.
Мемлекет басшысы ауыл шаруа­шылығының жалпы өнім көле­мін 5 жылда екі есе ұлғайту жөнін­де тапсырма бергені белгілі. Осы рет­те егістікті әртараптандыруға, су үнемдеу технологияларын қол­да­нып, егіс көлемін арттыруға ден қой­ы­луда. Жеңілдетілген дизель оты­­ны шаруа­шылықтарға мерзімінде жет­кізілді.
Диқан қауымы ауызбірліктің үлгісін көрсетіп, суды ысырапсыз пайдаланып, жоспарлы жұмыс жасауда, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Өткен жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыста «Үздік аудан» номинациясы­на ие болдық. Бұл «көктемнің бір кү­нін – жылға азық» санайтын диқан қауымының еңбегінің арқасы.
Биылғы меже қандай? Былтырғы жетістікті қайталай аламыз ба? Осы сұрақты ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевке қойған едік.
– Өткен жылдары су тапшылығына орай барынша үнемдеуге тырыстық. Биылғы жылы жауын-шашын мөлшері жеткілікті болып, егін көлемі артты. Оған қоса, дөңес жерлерді игеру үшін ауданда тұңғыш рет лазерлік тегістілік анықталды. Әрі өңірдің азық-түлік бағасының тұрақтылығы сақталу үшін министрлікпен келісім-шарттар жасалып, картоп-пияз дақылы егіл­ді. Сондай-ақ қауын-қарбыз еккен егіншілердің тауарлары өз мерзімінде сатылуы үшін алыс-жақын өңірлерде сауда нүктелері жұмыс жасады. Қысқасы, ауданда егіншілікпен айна­лысып жүрген жандарға лайықты қолдау көрсетіліп келеді, – деді ол.
Сонымен биыл елдің кәсібі – егін­жайдың жай-күйі қалай? Биыл алты айдың ішінде ауыл шаруашылы­ғы өнімдерінің жалпы шығарылымы 5 660,6 млн теңгені құраса, 47,0 млн теңге егін шаруашылығынан түсіп тұр екен. Жасыратыны жоқ, ауданда ауыл шаруашылығымен айна­лы­са­тын жалпы 781 шаруашылық құры­лымы бар. Оның ішінде 460 шаруашылық құрылымы егін шаруа­шылығымен айналысса, 234-і күріш дақылын өсіреді.
2023 жылы аудан бойынша 35 715 гектар жерге ауыл шаруашы­лығы дақылдары егілсе, биылғы жылы бұл көлем 36 026 гектарға орналастырылды. Дәнді дақылдар (күріш, бидай, тары, жүгері) – 11 871 гектар, Негізгі дақыл күріш – 7 545 гектар, Малазықтық дақылдар (жоңышқа, сүрлемдік жүгері) – 19 266 гектар, Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) – 1 646 гектар, картоп, кө­көніс, бақша 3 243 гектарды құрады.
Биыл алқаптарға 1825 тонна күріш тұқымы құйылды. Оның 1330 тонна­сы – «Лидер», 495 тоннасы «Маршал», «Сыр Сұлуы», «АйКерім», «Маржан» сорттары.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы 295 гектар жер жаңадан ашылып, отбасылық егістіктерге берілсе, 2024 жылы бұл көлем 400 гектарға орындалды. Нәтижесінде ауылдық округтер бөлінісінде 805 адам дайындалған егістік жерлермен қамтамасыз етілді.
Әртараптандыру егістіктерін суа­­руға қажетті дизельді және электрлі су насостары жеткілікті деңгейде орналастырылды. Сондай-ақ егістік үшін қажет 4567 тонна минералды тыңайтқыш, 2213 литр арамшөптерге қарсы қолданатын гербицидтермен қамтамасыз етілді.
Күзгі дала жұмыстарына 207 дана трактор, 70 дана комбайн, 14 дана жатка, 21 дана жүк көлігі, 52 дана тіркеме жұмылдырылды. Күзгі егін жинау және дала жұмыстары үшін 1446 тонна арзандатылған дизель отынына өтінім тапсырылып, қазіргі таңда 180 тоннасы таңдалған операторларға жеткізілді, оның әр литрі 250 теңгеден босатылуда.
Су нысандарын тазалау жұмыстары мен су үнемдеу технологияларын пайдалану бойынша атқарылған ша­ра­ларға 2023 жылы облыстық бюд­жеттен бөлінген 66,5 млн теңгеге 2 каналдың 18,8 шақырымы тазаланды. Су жүйелерін тазалау жұмыстары үшін аудандық шұғыл шығындарға арналған резервінен күріш егісімен айналысатын 8 ауылдық округтегі 52,6 шақырымды құрайтын 12 каналға 28,930 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге аталған жұмыс толығымен мерзімінде орындалды. Су шаруашылығы меке­месі арқылы «Тайпақкөл» каналының 3 шақырымы тазаланды және «Келін­төбе» магистралды каналының бас­тауындағы құм жиналып қалатын аумақтың 1,4 шақырымы тазаланды. Аудан бойынша барлығы 37 насос қондырғылары орнатылды. Оның ішінде 28 дана дизельді, 9-ы электрлі насос. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы 23 насос қойылды. «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалы арқылы 6 дана насос қондырғысы, шаруашылық­тар есебінде 8 дана су насосы қондырғысы бар.
Биылғы жылы жерасты суларын тиімді пайдалану арқылы тау бет­кейдегі шаруашылықтар бақша егістігінің көлемін едәуір арттырып отыр. Оның ішінде бірыңғай қарбыз дақылының көлемі 1500 гектарға жуықтады. Сондай-ақ күріш егілетін танаптар бойынша 1500 гектар жер лазерлі тегістеуден өткізілді.

ТҮЙІН. Биылғы жылы егілген 7 545 гектар күріш егістігінің қазіргі таңда 2282 гектар суы байланып, бүгінге дейін 70 гектары орылды. Қамбаға астық тасыған еңбеккерлер өткен жылдары қуаңшылықтан еңсесін енді ғана көтеріп жатқанына шүкіршілік ететінін жасырмады. Дәнді дақыл мен мал азығын өсірумен дағдылан­ған диқандар межелі жоспарды орындайтынына бек сенімді. Үздік ауданға лайықты әрекетке көшкен еңбеккерлердің төккен тері ақталатын күн де алыс емес.

Мақпал МАРҚАБАЙ

20 тамыз 2024 ж. 268 0