№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық – өмірлік дағдыға айналуы керек

Тазалық – өмірлік дағдыға айналуы керек


Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Осы бастаманы басшылыққа алған жаңақорғандықтар әр сенбіде жаппай сенбілікке шығып, көше бойлары тазалық жұмыстарын жасауда. Осы бағдарлама аясында сенбілік өтіп, оған жүзге жуық тұрғын атсалысты.


Экоакцияға аудандағы мекеме қызметкерлері мен қоғамдық негіздегі жұмысшылар, «Жасыл ел» жастар қанаты мен еріктілер қатысты. Сенбіліктің басы-қасында жүрген аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов тазалық қашанда басты назарда екенін айтып, тұрғындардың туған жердің тазалығына бей-жай қарамай, барынша үлес қосып жүргеніне ризашылығын білдірді.
– Біз бүгін қоғам үшін өте маңызды эко­логиялық шараға үлес қосудамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған бұл акцияның туған жерге, азаматтарға берері мол. Біріншіден, акция аясында айналамыз мұнтаздай болса, екіншіден, азаматтар қоршаған ортаны тазалау арқылы тазалықты әдетке айналдырып, ол өмірлік ұстанымына ұласары анық. Осы ретте аудан тазалығына жауапты мекемелер нақты тапсырма алып, арнайы техникалармен жұмыс жасауда. «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеумет айнала көркіне көрік беру үшін аянбай еңбек етуде. Ендеше барлық аудан тұрғындарын алдағы уақытта осы акцияға белсене қатысып, айналаны таза ұстауға шақырамын, – дейді Бектас Нуридинов.
Иә, тазалықтың табалдырықтан басталаты­нын еске салатын Республикалық акцияның мақ­саты – экологиялық мәдениетті қалыптас­тыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
– Бүгін ауданымызда табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды акция өтуде. Бұл шараның өскелең ұрпаққа берері мол деп ойлаймын. Ол жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз, – дейді Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Мақсат Құлмырзаев.
Табиғат – ел байлығы. Оны аялау, күтіп баптау адамдардың ажырамас дағдысына айналуы тиіс. Өйткені, қоршаған ортаның тазалығы – біздің саулығымыздың кепілі. Тазалық жұмыстары акция аясында ғана шектелмей, оны санаға сіңіріп, өмірлік дағдыға айналуы керек.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
17 тамыз 2024 ж. 211 0