№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны артты

Елімізде пневмонияға шалдыққандар саны артты

фОТО: tgkb5.ru
Kyzylorda-news.kz
  Биыл Қазақстанда өкпе қабынуына шалдыққандардың саны айтарлықтай өскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, алғашқы жартыжылдықта елімізде пневмонияның 49 мың 704 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 19,2 пайызға артық. Мамандар қалыптасқан жағдайды әлем бойынша омикрон штамының әлі де басымдық көрсетіп тұрғанымен байланыстырады.
Ал көршілес Ресейде COVID-19 өршіді. Өткен аптада коронавирусқа шалдыққандардың саны 30 пайызға артты. Бір жұманың ішінде дерттен 14 адам қаза тапқан. Ресейдің 59 аймағында аталмыш ауру түрінің таралуы байқалған. 5-11 тамыз аралығында осы диагнозбен 1100 адам ауруханаға жатқызылған.
Сондай-ақ Оңтүстік Корея жұрты үшін де қауіп төніп тұр. Өйткені, тамыздың соңында бұл мемлекетте коронавирустың таралуы шарықтау шегіне жетуі мүмкін. COVID-19-ға шалдыққандардың саны маусымның соңынан бастап өскен. Мәселен тамыздың бірінші аптасында 861 адам ауруханаға түсті. Ал емханаға жатқызылған 12 мың 410 науқастың жартысынан көбі 65 жастан асқан азамат екен.
15 тамыз 2024 ж. 152 0