№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қабылдау ұйымдастырылды

«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қабылдау ұйымдастырылды

ФОТО: gov.kz
 Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмахановтың қатысуымен «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті.
Өткен жылдың мамыр айынан бастау алған партиялық жобаның негізгі мақсаты азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру, тегін заңгерлік кеңестер беру, заң талаптарына сәйкес мүгедектер санатына жататындарға заңгерлік сүймелдеумен көмектесу.
«Жыл басынан бері жоба аясында облыстағы бірқатар уәкілетті органдар өкілдерімен және заңгерлер, адвокаттар, медиаторлардың қатысуымен 95 қабылдау өткізіліп, қабылдаулар барысында азаматтардан 217 өтініш түсті. 103 мәселе бойынша оң нәтижеге қол жеткізіліп, 27 өтініш бойынша толықтай заңгерлік сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Жоба түрлі форматтарда ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, еліміздегі заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, олардағы талаптармен айқындалған жеңілдіктер тиісті сала мамандарымен көпшілікке кеңінен түсіндіріліп, кеңестер де берілуде. Мәселен, ауыр қызметтерде жұмыс жасайтындарға заңмен берілген жеңілдіктер, салық кодексі, жол көлік ережелерін сақтау, құрылыс нормалары мен ережелері, жұмыспен қамту бағдарламаларына, т.б. қатысты енгізілген жаңа талаптар таныстырылды. Бүгінгі шара жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілуі Балалар құқықтарын қорғау тақырыбындағы мәселе ауқымды және көптеген салалар қызметтерін қамтиды. Соныдақтан бүгінгі қабылдау барысында білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларымен қатар, әділет органы, заңгерлер палатасы, адвокаттар палатасы, медиация қызметінің білікті мамандары қатысып отыр»,- деді қатысушыларды жобаның маңыздығымен таныстырған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.
Қабылдау барысында тұрғындар алимент өндіру, бұрыңғы ерлі-зайыптылар арасындағы несиені ортақ деп танудың жолдары, медициналық қызметтің сапасы, мектепке қабылдау жолдары және балаларды мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде өтініштер білдірді.
Қабылдау нәтижесі бойынша алимент өндіру және несиені ортақ деп тану жолдары бойынша Әділет департаментіне ұсыныс беру жолдары түсіндірілді.
Медициналық қызмет сапасы және санаториялық ем алу жолдамалары жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жазбаша өтініш білдіру ұсынылды.
Мектепке қабылдау жолдары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектеп әкімшілігіне мәселені шешуге ұсыныс берілді.
Балаларды мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз ету бойныша тиісті мектеп әкімшілігіне ұсыныс беріліп, көмек көрсету жолдары қарастырылды.                               
15 тамыз 2024 ж. 190 0