Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Құқықтық көмек»: 9,3 мыңнан астам азаматтың өтініштері қабылданды

«Құқықтық көмек»: 9,3 мыңнан астам азаматтың өтініштері қабылданды

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы қазақстандықтарға өтеусіз негізде кәсіби құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған адамдарға, алимент өндіріп алу, зейнетақы тағайындау және басқа да мәселелер бойынша жүгінген азаматтарға тегін кеңес беріледі.
Партияның аймақтық қоғамдық қабылдау алаңындағы дәстүрлі қабылдаулардан бөлек, жоба аясында заңгерлер жергілікті жерлердегі азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін шалғайдағы елді мекендерге барады. Бұл сот ісін жүргізуге, соттарда, қылмыстық қудалау органдарында және басқа да мүдделерді қорғау және өкілдік етуде көмектеседі. Сондай-ақ, қаржы, жер, коммуналдық мәселелер бойынша кеңес беру жүргізіледі.
Толығырақ «AMANAT» республикалық қоғамдық қабылдау арқылы келесі байланыстар бойынша білуге болады:
1. Call-центр: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. WhatsАpp: 8 700 800 4441
3. E-mail: komek@amanatpartiasy.kz
07 тамыз 2024 ж. 266 0