№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған: жарты жылдың жемісі

Жаңақорған: жарты жылдың жемісі


2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң тенденциясы сақталды. Барлық салада өсім байқалады. 2023 жылы аудандық бюджет 13 млрд теңгегені құраса, 2024 жылы 16,1 млрд теңге болып бекітіліп, қазіргі таңда 18,5 млрд теңгеге жетті. Яғни аудандық бюджет өткен жылмен салыстырғанда 5,5 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл туралы аудан әкімі Мажит Самитов өңірлік коммуникациялар орталығының баспасөз алаңында өткен брифинг барысында баяндады.


– 2024 жылдың 1-шілдесіне аудан бюджетінің өз кірістері 2 млрд 501 млн теңгеге жоспарланып, 2 млрд 938,6 млн теңгеге немесе 17,5 пайызға артық орындалды. Ал бюджеттің шығыстары 100 пай­ызға атқарылды. Барлық макро­экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілді, – деді аудан басшысы.
Енді әр салаға қысқаша тоқтала кетейік. Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 48,4 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 71,3 пайыз, құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 есеге, тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы ауданы 22,4 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 56,1 пайыз, бөлшек сауда көлемі 7,4 пайыз, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,0 пайызға артқан.

Аграрлы саланың серпіні

Биыл 36 026 гектарға егін егіліп, 311 гектарға артты. Егілген негізгі дақыл күріштің көлемі – 7 545 гектар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы 400 гектар жер жаңадан ашылып, 805 отбасына егіс егу үшін берілді. Жер асты суларын тиімді пайдалану арқылы тау беткейде­гі шаруашылықтар бақша егісінің көлемін едәуір арттырды. Оның ішінде қарбыз дақылының көлемі 1500 гектарға жуықтады.
– Ауданда егістік алқаптарды тұрақты аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы барлық бюджеттерден 1млрд 275 млн теңге қаржы бөлінді. 2024 жылдың 1 шілдедегі статистикалық мәлімет бойынша мүйізді ірі қара 62309 басқа жетіп, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,6 пайызға артқан. Сондай-ақ уақ мал 322 538 бас жылқы26 991 бас, түйе 2174 басты құрап отыр. Биыл ауыл шаруашылығы құрылымдары жалпы құны 636,6 млн теңге болатын 36 техника сатып алды, – деді Мажит Самитұлы.

Ауызсумен қамту

Жаңақорған ауданы бойынша 35 елді мекенге орталықтандырылған таза ауызсу желілері жүргізілген. Таза ауызсумен қамту мақсатын­да жоба құны 1,7 млрд теңге бола­тын Келінтөбе, Қожамберді, Сүтті­құ­дық, Жайылма ауылдарының ау­ыз­су жүйелерін жаңғырту жұмыс­тары жүргізілуде. Жаңақорған кентінің «МАИ бекеті», «Алтыкрант» ша­ғын аудандарындағы 1500-ге жуық тұрғын үйді толыққанды ауыз сумен қамтамасыз етуге кенттегі негіз­гі қондырғылардың қуаттылығы жетпеуде. Осы мәселені шешу үшін «МАИ бекеті» шағын ауданында қосымша су тарату станциясы мен желілерін салуға жоба әзірленуде екен. Жоба құны – 1,1 млрд теңге.

Электр энергиясымен қамту

Аудандағы электр желілерін жаң­ғырту мәселесін шешу мақса­тында жалпы құны 5,9 млрд теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылуда. «Ауыл-ел бесігі» жобасы арқылы құны 3,4 млрд теңге болатын, 2022 жылы басталған Жаңақорған кентіндегі электржелі­лік жүйені жаңғырту жобасы биыл­ғы жылы толық аяқталып, кент тұрғындары игілігін көретін болады.
– Бұған қоса, жалпы құны 2,5 млрд теңге болатын 9 елді мекен­нің электржелілік жүйесін жаңғыр­ту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, тағы 7 елді мекенге жобалар әзірленіп, салалық министрліктерге ұсынылды. Жобалардың жалпы құны – 2,2 млрд теңге. Келесі жылы бұл қаржы бөлінеді деп күтілуде. Жоғарыда аталған елді мекендерден бөлек, демеушілер есебінен 5 елді мекеннің электржелілік жүйелерін жаңғыртуға жоба-сметалық құжат­тары әзірленуде, – деді аудан әкімі.

Газдандыру

2024 жылы газдандыру бойынша жалпы құны 5,1 млрд теңге болатын 3 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда құны 2 млрд 117 млн теңге болатын Төменарық елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ құбыры мен ауылішілік газ желісі тартылып, техникалық тексерулерден өткізілуде. Төменарық елді мекені­не таратылатын газ құбыры өтетін аумақта орналасқан тағы 5 елді мекенді газдандыруға демеушілер есебінен жобалар әзірленді. Жоба­лардың жалпы құны – 5,6 млрд теңге. Қаржыландыру үшін салалық министрлікке өтінім жолданды.
Жаңақорған кентінің кеңейтілген аумақтарына кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы 2023 жылы басталған. Аталған қаржы көлемі толық бөлініп, 22 шақырым газ желісі тартылып, 5 шкафтық тарату пункттерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс та қыркүйек айында толық аяқталып, Жаңақор­ған кентінің Саяжай, МАИ бекеті, Ипподром шағын аудандарының 5 мыңнан аса халқы табиғи газға қол жеткізеді.

Автомобиль жолдары

Ауданда автомобиль жолдарын дамытуға 2024 жылы 5 млрд теңге қаржы бөлінді. Облыстық бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлініп, облыстық маңыздағы «Жаңақорған – Түгіскен – Қандөз» автомобиль жолына күрде­лі жөндеу жүргізілуде. Аудандық маңыздағы 192 шақырым жол­дың қанағаттанарлық деңгейі 96,1 пайызға жеткізілген. Бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлініп, 30 көшеге күрделі және орташа жөндеу жүргізілді. Басталғанына 40 жылға жуық уақыт болып, аяқсыз қалған Жаңақорған кентіндегі темір жол үстінен өтетін көпір құрылысына демеушілер есе­бінен жоба дайындалып, сарап­тамадан өткізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.
Аудан бойынша жыл басынан бері кәсіпкерлерге қолдау ретінде барлық қаржы көздерінен 108 жобаға 1 млрд 828 млн теңгенің қаржысы тартылды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 82 жобаға 121 млн теңге мемлекеттік грант берілген. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 717,3 млн теңге болатын 101 жо­баны қаржыландыру жоспарлану­да. Аталған жобалар толық іске асырылғанда 145 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Білім және медицина саласын­да да жасалып жатқан жұмыстар аза емес. Аудан әкімі құрылыс саласындағы жұмыстарға тоқталды. Білім саласында жалпы құны 10 млрд 582 млн теңге болатын құрылыс­тар мен күрделі жөндеужұмыстары жүргізілуде. Ал денсаулық сақтау саласында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 1 млрд 709 млн теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылуда. Төменарық ауылында аурухана құрылысы қарқынды жүр­гізілуде, қазан айында пай­далануға беруді жоспарлануда.

Инвестиция

2024-2028 жылдар аралығында ауданда 7 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобалар толық іске қосылған кезде 3 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішіндегі 3 жоба биыл іске қосылуда.
– «Qaratau fruіts» шаруа қожа­лығының алма бағы. Жоба құны – 1,6 млрд теңге. Алма бақ толығымен тамшылатып суару технологиясымен жабдықталған. 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар «Qaratau fruіts» шаруа қожалығы жоба құны 2,5 млрд теңге болатын Батыс Еуропа – Батыс Қытай автокөлік жолы бойынан сыйымдылығы 5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлап отыр. «Шалкия Минералс» ЖШС-нің минералды ұнтақтар өндіру маусым айында іске қосылды. Бүгінгі таңда сынама өнімдер шығарылуда. «Абдуллаев Аманкелді атындағы зияткерлік мектебі» ЖШС-ның 400 орындық мектеп-интернатының құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда қажетті қондырғы құралдармен жабдықталуда. Жоба осы жылдың 1 қыркүйегіне іске қосылып, 50 адам жұмыспен қамтылады.
Бұдан бөлек, тағы ірі 4 жоба жүззеге асуға дайын. Оны алдағы уақыттың еншісіне қалдырайық. Аудан әкімінің брифингте айтқан мәліметтеріндегі негізгі көрсеткіштер қысқаша осылай түйінделді.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
13 тамыз 2024 ж. 213 0