№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бәрі біле бермейді: қазақстандықтар 3 күндік әлеуметтік демалыс ала алады

Бәрі біле бермейді: қазақстандықтар 3 күндік әлеуметтік демалыс ала алады


Әлеуметтік демалыстың еңбек демалысына қатысы жоқ. Ол бөлек беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 күн әлеуметтік демалыс емханада скрининг өтуге арналған.
Бұл жайлы Еңбек кодексінде не айтылған?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, қызметкерлерге әлеуметтік демалыс Қазақстан Еңбек кодексінің 87-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес беріледі.
"Қызметкерлерге (өзге де әлеуметтік демалыстардан басқа) бір жыл ішінде 3 жұмыс күнінен аспайтын мөлшерде скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс, сондай-ақ жүктіліктің 12 аптасына дейін медициналық есепке тұру үшін кемінде 3 жұмыс күні көлемінде демалыс беріледі", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
"Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 26-1-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орнын (лауазымын) және орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкерге скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге міндетті", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.
Кім және қашан скринингтен өтуі керек?
Скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыстың тәртібі мен көлемін айқындау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекспен регламенттеледі.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары профилактикалық медициналық тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті.
"Скринингтік зерттеулер халықтың нысаналы топтары арасында ауруларды ерте анықтау және аурулардың дамуын, аурулардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын болдырмау, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында жүргізіледі. Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары уәкілетті орган айқындайтын осы зерттеулерді жүргізу тәртібі, көлемі және кезеңділігі бойынша скринингтік зерттеулерден өтуі тиіс", - деп атап өтті Еңбек министрлігі.
Еске салайық, белгілі бір жасқа толған қазақстандықтар үшін онкоскринингтің үш түрі бар:
сүт безі қатерлі ісігінің скринингі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет);
жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет);
колоректальды қатерлі ісікке скрининг (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет).
Сондай-ақ, қан айналымы жүйесінің негізгі аурулары (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы), қант диабеті, глаукома, сондай-ақ қауіп тобындағы адамдарда созылмалы В және С гепатиті бойынша скрининг бар.
Скринингтен өту үшін тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емханаға жүгіну қажет. Әрбір алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымында скринингтік кабинеттер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Әлеуметтік демалыс қалай рәсімделеді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қызметкер әлеуметтік демалысты рәсімдеу үшін қандай құжаттар керегін айтты.
"ҚР Еңбек кодексінде қызметкердің скринингтік зерттеулерден өткені туралы растайтын құжаттарды ұсыну міндеті регламенттелмегендіктен, құжаттарды қызметкер өз еркімен ұсынған жағдайларды қоспағанда, бұл демалыс қызметкердің өтініші негізінде берілуі тиіс деп есептейміз (бұл дербес деректер туралы заңнаманы сақтау қажеттілігінен туындады)", - деп түсіндірді Министрлікте.
Егер жұмыс беруші қызметкерді скринингке жібермесе не істеу керек?
Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, егер жұмыс беруші қызметкерге скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалыс беруден бас тартса, қызметкер "еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылы".
11 тамыз 2024 ж. 952 0