Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстандықтар желтоқсанда 11 күн демалады

Қазақстандықтар желтоқсанда 11 күн демалады



Қазақстанда желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады. Аптаның демалыс күндерінен бөлек, Тәуелсіздік күніне орай қосымша бір күн демалыс беріледі. Тәуелсіздік күні биыл сенбіге сәйкес келетіндіктен, оның орнына дүйсенбі күн – 18 желтоқсан демалыс күні болып есептеледі.
Сәйкесінше:
аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері;
аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 16, 17 желтоқсан күндері демалады.
Еске салайық, Тәуелсіздік күні 2022 жылдан бастап ұлттық мәртебесінен айырылып, мемлекеттік мереке болып саналады. Соған орай, қазақстандықтар өткен жылдан бері Тәуелсіздік күніне орай екі емес, бір күн демалады.
Сондай-ақ, 1 желтоқсан – ҚР тұңғыш президенті күнінің мемлекеттік мәртебесінен айырылуына байланысты бұл күні де қазақстандықтарға демалыс берілмейді.
26 қараша 2023 ж. 395 0