Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 538

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "Ауылыңа асфальт салып берсін": Сара Тоқтамысова боксшы Назым Қызайбайға қолдау білдірді

"Ауылыңа асфальт салып берсін": Сара Тоқтамысова боксшы Назым Қызайбайға қолдау білдірді


Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова Париж Олимпиадасында топ жарған боксшы Назым Қызайбайды жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, боксшы Париж Олимпиадасының қола медалін иеленді.
“Назым, сен – мықтысың! Қазақтың қоржынын қоламен толықтырдың! 
Үйіңнің алдына ғана емес, ауылыңа қарай асфальт салып берсе де жарасады
Шынын айтсам қыздардың боксын көре алмайды екенмін. Өте ауыр спорт түрі екен”, – деп жазды айтыскер ақын.
Еске салайық, 5 тамыз күні Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Қазақстанға оралып, Таразға ат басын тіреді. Елге оралуына байланысты жергілікті әкімшілік атақты спортшы тұратын көшені абаттандыру шараларын қолға алған.
Желіде жергілікті журналист Исламбек Дастан түсірген видео жарияланды. Кадрлардан Елдос тұратын көшеге жаңа асфальт төселгенін көруге болады. Видеода Олимпиада чемпионының елге оралуына байланысты жолдың арнайы жасалғаны айтылған еді. 
07 тамыз 2024 ж. 718 0