» » 2024 жылдың І жарты жылдығындағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйі

2024 жылдың І жарты жылдығындағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйі


Бүгінгі таңда Сыр өңірінде мемлекеттік органдардың штат саны 3 349 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3 246 мемлекеттік қызметшінің 15-і саяси әкімшілік қызметшілері, 3 231-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің 99,5% қазақ ұлтының өкілдері болса, қалған 0,5% өзге ұлт өкілдері болып келеді. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,9%-ы құраса, оның ішінде 9,4%-ы басшылық лауазымдарды атқарады. Атап айтқанда, 1-і басқарма басшысы, 4-і департамент басшысы, 9-ы басқарма басшысының орынбасары, 9-ы департамент басшысының орынбасары, 3-і ауыл
әкімі, 8-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары сияқты түрлі санаттағы басшылық лауазымдарды атқарады.
Мемлекеттік қызметшілердің 94,4%-ы жоғары білімге ие болса, 5,6%-ы орта - кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және
ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқарады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің 23,3%-ы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте
11 ғылым кандидаты, 4 «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері мен 24 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметтегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,4%-ды құрайды. Меритократия қағидаттарына сәйкес қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 71,5% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған
болса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандың
үлесі 20,9%. Сонымен бірге, соңғы 3 жылда таза ауысымдылықпен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың
саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрап отыр.
Теріс себептер бойынша 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.

Бақытжан Нұралы,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
06 тамыз 2024 ж. 479 0