№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2024 жылдың І жарты жылдығындағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйі

2024 жылдың І жарты жылдығындағы Сыр өңіріндегі мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйі

Бүгінгі таңда Сыр өңірінде мемлекеттік органдардың штат саны
3 349 бірлікті құраса, қазіргі таңда нақты жұмыс жасайтын 3 246 мемлекеттік қызметшінің 15-і 
саяси әкімшілік қызметшілері, 3 231-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің 99,5% қазақ ұлтының өкілдері болса, қалған  0,5% өзге ұлт өкілдері болып келеді.
Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің ішінде әйелдердің үлесі 45,9%-ы құраса, оның ішінде 9,4%-ы басшылық лауазымдарды атқарады.
Атап айтқанда, 1-і басқарма басшысы, 4-і департамент басшысы,
9-ы басқарма басшысының орынбасары, 9-ы департамент басшысының орынбасары, 3-і ауыл әкімі, 8-і қалалық және аудандық деңгейдегі дербес бөлім басшылары сияқты түрлі санаттағы басшылық лауазымдарды атқарады.
Мемлекеттік қызметшілердің 94,4%-ы жоғары білімге ие болса, 5,6%-ы орта - кәсіби білімі бар тұлғалар негізінен аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы лауазымдарды атқарады.
Сондай-ақ,мемлекеттік қызметшілердің 23,3%-ы екі немесе одан артық жоғары білімге ие және өңірімізде мемлекеттік қызметте 11 ғылым кандидаты, 4 «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері мен
24 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері жұмыс жасайды.
Мемлекеттік қызметтегі 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 24,4%-ды құрайды.
Меритократия қағидаттарына сәйкес қызметшілердің мансаптық өсуінде оң нәтижелер байқалады. Атап айтқанда, бос лауазымдарға орналасуға жарияланған ішкі конкурстардың қорытындысымен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 71,5% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалған болса, конкурс өткізілместен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалғандың үлесі 20,9%.
Сонымен бірге, соңғы 3 жылда таза ауысымдылықпен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Бүгінгі күнге өңірдегі бұл көрсеткіш 1,1%-ды құрап отыр.
        Теріс себептер бойынша 2 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған.
               
Бақытжан Нұралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша
департаментінің бас маманы
10 шілде 2024 ж. 366 0