№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мобильдік топ құқықтық кеңес берді

Мобильдік топ құқықтық кеңес берді


Жуырда аудандық Ардагерлер және жастар ресурстық орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба» аясында жасақталған мобильді топ аудан тұрғындары үшін тегін құқықтық кеңес өткізді.
Бұқараның құқықтық сауаттылығын арттырып, тегін заң көмегін көрсетуді мақсат тұтқан жиын аудандағы түрлі сала өкілдерінің басын қосты. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Әділет департаменті, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мамандарынан құралған мобильді топтың ел арасына келуі жұртшылыққа көп көмек болды. Мемлекеттік кірістер департаменті, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, ауылшаруашылық және жер қатынастары, денсаулық және білім басқармасы, сонымен қатар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығына топтасқан» мамандары халықтың көңіліндегі сауалдармен бөлісті.
Осы ретте аудан тұрғындары жеке мәселелеріне байланысты сауалдарын қойып, жан-жақты тұшымды жауап алды.
– Маған азаматтардың көбі еңбек демалысына байланысты сауалдарын қойды. Мәселен, бір азаматшаның айтуынша, декреттік демалыстан кейін жұмысқа түскеніне 5 ай толған. Енді отбасылық жағдайына байланысты еңбек демалысын алғысы келеді. Жалпы, заң бойынша еңбек демалысы 1 жылда бір беріледі. Десе де, осындай жағдайда кей жұмыс берушілер 5 айды есептеп, алатын еңбек ақысының сомасы мен демалыс күндерін береді. Жалпы, еңбек демалысын беруден бас тарту жұмыс берушінің өз еркінде. Өйткені қызметкердің жұмыс жасағанына 1 жыл толмаған жағдайда оған толық төленбеуі заңды. Егер, қызметкер 1 жыл жұмыс жасаған жағдайда, ал жұмыс берушінің еңбек демалысын бермеуі заңсыздық болып есептеледі, - дейді облыстық бақылау басқармасының еңбек қауіпсіздігін қолдау бөлімінің басшысы Асқар Айдос.
Кездесуге келген тұрғындардың негізгі мәселелері жұмысқа орналасу, жергілікті жолдардың жай-күйі, елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, газ жүргізу, денсаулық сақтау, мемлекеттен несие, жеңілдіктер мен субсидиялар алу мәселелеріне қатысты болды. Айта кетейік, азаматтарға қабылдау өткізе отырып, оларға жеке мәселелері бойынша құқықтық кеңес беру, сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында құрылған мобильді топ жыл соңына дейін облыстың барлық аудандары мен ауылдық округтерінде құқықтық көмек көрсету бойынша кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айсұлу АЛДАНАЗАР

11 тамыз 2024 ж. 200 0