Соңғы жаңалықтар

№81 (8792) 12

12 қазан 2024 ж.

№80 (8791) 8

08 қазан 2024 ж.

№79 (8790) 5

05 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Нарық бағасы: тарифтер тағы қымбаттады

Нарық бағасы: тарифтер тағы қымбаттады

Бірінші шілдеден бастап ұялы байланыс пен интернет тарифтері қымбаттады.Оған қоса сұйытылған газдың ақысы да айтарлықтай артып, темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің құны да көтерілгенін анық байқауға болады. Мұндай өнімдердегі өсімнен бөлек, дәрідәрмектер мен түрлі зергерлік бұйымдар таңбаланады. Осы ретте елімізде орын алғалы тұрған баға өсімі мен бірқатар өзгерістер жайлы толығырақ талдауға тырыстық.
Таңбалау түйткілді шеше ме? Дәрі-дәрмекті таңбалаудағы басты мақсат – жалған дәрілерді азайтып, сертификатсыз өнімдерді шектеу болып отыр. Препараттардың сыртқы қорабындағы арнайы код арқылы өнімнің шығу тарихын, құрамын, жарамдылық мерзімі мен қолдану реттілігін толық тануға болады. Бұл жағдай сапасыз, жалған өнімдерге тұсау салады. Қазірдің өзінде еліміздегі дәрілік препараттардың 12 пайызы қара бағар арқылы қараусыз өткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше дамушы елдердегі әрбір оныншы дәрі-дәрмек заңсыз саудаланады. Таңбалау осы тұста керек. Яғни, таңбалау – салық төлеуден жалтаратын көлеңкелі бизнесті әшкерелейді. Дәріні сатып аларда қорапшада көрсетілген код арқылы жалпыға ортақ мемлекет бекіткен бағаны да көруге болады. Ол бұрмаланған жағдайда шағымдануға құқыңыз бар. Жоғарыда айтқандай, зергерлік бұйымдарға да сандық таңбалау енгізіледі. Сатып алынған бұйымға тауар белгісі, мекенжайы, бұйымның атауы, артикул, сынама, масса, өлшемдер, кірістірулер туралы ақпарат көрсететін арнайы белгі қоса беріледі.
Цифрлық таңбалау және тауарларды қадағалау жүйесі Қазақстандағы тауар айналымының жариялылығын арттырып, жақсы нәтиже көрсетуі тиіс. Автогаз әлі де арзан Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, елімізде газ толтыру станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, сұйытылған газды көтерме саудада өткізудің ішкі нарықтағы шекті бағасы бекітілді. Енді сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені құрайды. Бұрын ол 40 320 теңге болатын. Көтерме бағаның көтерілуіне байланысты автокөлік газының құны да өсті. Ең қымбат аймақтарға Алматы облысы мен Солтүстік өңірлерді жатқызуға болады. Аталған орындардағы бекітілген газ бағасы 89 теңге болса, кейнгі орындарда Астана, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жетісу облыстары тұр. Бұл аймақтардағы сұйытылған газ бағасы 84 теңгені құрайды. Ал, Батыс Қазақстан облыстарындағы газ бағасы 59 теңге болып бекітілді.
Жаңақорғанда баға 70 теңгеге өсті. Энергетика министрлігінің айтуынша ТМД елдеріндегі ең арзан газ бағасы біздің елімізде. Ресейде 1 литр газ бағасы 132 теңге болса, Әзербайжанда 171 теңге, Тәжікстанда 273 теңге. Темекі шегуді тыйған ұтады Бағадағы өзгерістер тағы бір көрінісі темекінің қымбаттауынан байқалады. Қаржы министрлігі сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілердің, папирос, сигариллалардың және қыздырылған темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасына қатысты шешім бекітті. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңгені құраған. Жаңа баға – ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында 820 теңге екенін көрсетті. Темекі бағасының өсімі мұнымен тоқтап қалмай, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 870 теңгеге көтерілмек. Телефон тарифтері тағы қымбаттамақ «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы отандық телекоммуникация нарығында басымдыққа ие. Тұрақты сегментте қосылған абоненттер саны бойынша ұлттық компанияның үлесі 70%-ға жеткен. Ал ұялы байланыс сегментінде 60%-дан асады. Осыған байланысты нарықты демонополизациялау мақсатында «Қазақтелеком» компаниялар тобындағы ұялы байланыс операторларының бірін шығару шаралары жүргізілуде. 2023 жылдың сәуірінде Билайн «Яркий» тарифтік жоспарын 1790 теңгеден 2490 теңгеге дейін өсіріп, баға 39%-ға артқан. Ал, Кселл мен Теле2 де тамыз айынан бастап әртүрлі тарифтік жоспарының біршамасынан баға өсімі байқалған болатын. Нақтырақ айтсақ, Кселл-дің «Реальный безлимит» тарифі 3390 теңгеден 4390 теңгеге артып, 29%-ға қымбаттаған. Ал Теле2 «Просто супер» тарифін 27%-ға көтеріп, 2590 теңгеден 3290 теңгеге өсірген. Дәл осылай, актив, кселл операторлары тарифке 1 мың теңге, ал арнайы әлеуметтік желілердегі интернетті лимитсіз қолдану үшін тағы 990 теңге үстінен қосқан. Солайша 3390 теңгелік тариф 5380 теңгеге дейін өсіп, 59 пайызға қымбаттай түскен.
Ауданымыздағы "Қазақтелеком" АҚ ның аудандық филиалының қызметкері Ботакөз Балтақожақызы интернет тарифтерінің талапқа сай өзгеріске түсіп жатқанын айтты. Оның сөзінше тарифтердің құны артқанымен лимитсіз интернет пайдалануға да мүмкіндік молая түспек. «Қазақтелеком» АҚ ұялы байланыс тарифтерінің баға өсімі осы жылы да байқалатынын хабарлады.
Яғни, шілде айынан бастап ALTEL және Kcell байланыс операторларындағы 51 тарифтің жоспардың бағасы өсті. Яғни, жоғарыда айтқанымыздай 51 тарифтік жоспардың бағасын 5500 теңге мен 11 000 теңге аралығында бекітілді. Еліміз бойынша тарифтік жоспарларға енген баға өзгерістері жайлы аудан тұрғындары интернет байланысының дұрыс ұстамау мәселесі толық шешілмесе де тарифтік жоспар ақысының артуына наразы екенін білдірді. "Өткен жылы да интернет тарифтерінің бағасы біршама өскен болатын. Десек те, кенттегі интеренет сапасы бекітілген бағаға сай емес деп ойлаймын. Екінің бірінде үйдегі интернет те, ұялы телефондағы интернет те баяулап қалады. Тіпті, кей ауылдарда кейбір байланыс операторлары бойынша бірнеше күн бойы интернет мүлде ұстамай қалатын жағдайларды да кездестіруге болады. Осындай мәселелер шешілмей тұрып, бағаны көтеру көңілге қонбайды". Жұртшылықтың пікірі осындай. Бұл ақиқат.

Жәмила ЕРМАХАН
31 шілде 2024 ж. 191 0