№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік кәсіпкер: Ынта мен ықыласқа мұқтаж

Әлеуметтік кәсіпкер: Ынта мен ықыласқа мұқтаж

Өңірімізде әлеуметтік кәсіпкер субьектілерінің тізіліміне 21 дара кәсіпкер мен заңды тұлға тіркелген. Өкініштісі сол, Жаңақорған ауданы бойынша Әлеуметтік кәсіпкер ретінде тізілімге бірде-бір кәсіпкер тіркелмеген. Мұның себебіне келсек, ынтаның төмендігі емес, белгілі кәсіппен айналысып жүрген тұлғаларда бұл жөнінде ақпарат кемшін сияқты. Осыған байланысты, тізілімге енгізуге кезекті қабылдау өтетіндігін хабарлаймыз.
Жалпы, кімдер әлеуметтік кәсіпкер атана алады? Мәселен, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің төрт категориясы бар. Әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына жол ашатын заң 2022 жылы қабылданды. 2023 жылдың қаңтардан бастап ол күшіне еніп, елде әлеуметтік кәсіпкерлік заңмен бекітілді. Сонымен, әлеуметтік кәсіпкерлік деген не? Әлеуметтік кәсіпкерлік пайда табуды емес, ең әуелі, азаматтардың әлеуметтік түйткілдерін шешуді көздейді. Оның бірінші санатына халықтың әлеуметтік әлжуаз тобын жұмысқа алатын кәсіпорындар жатады. Олардың қатарында мүгедектер, мүгедек баласы бар ата-аналар, зейнеткерлер мен зейнет жасына жақындағандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, тұрмысы төмен, көпбалалы атааналар, қандастар кіреді. Бұл санатқа жататын әлеуметтік кәсіпкерлер бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққандарды, есірткіге тәуелділігі үшін медициналық оңалтудан өткен адамдар мен тұрғылықты жері жоқ азаматтарды да жұмыспен қамтуға міндетті. Бұл ретте кәсіпорында мұндай санаттағы жұмысшылар саны 51 пайыздан кем болмауы шарт.
Айта кетері, бұрын сотталғандар педагогикалық қызметке тартылмайды. Яғни мектеп, балабақшада жұмыс істемейді. Екінші санатқа халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы шығаратын тауарлар мен қызметтерді сатуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер жатады. Үшінші санатқа мүгедектерге арнап тауар өндірумен және қызмет көрсетумен айналысатын субъектілер кіреді. Ал төртінші санатқа қоғамға пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ететін қызметпен айналысатын субъектілер қамтылады. Міне, барлық өңірлерде осы мақсатта ауқымды жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонда тоқсан сайын әлеуметтік кәсіпкерлер қатары толығатын болады. Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлерге әртүрлі мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Соның бірі — салық жеңілдіктері. Дәлірек айтқанда, әлеуметтік кәсіпорындар корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік, жер салығынан босатылады. Мүлікті жалға алу кезінде жеңілдіктерге ие болады. Қаржылай көмек те бар. Яғни пайыздық мөлшерлемені субсидиялау. Мысалы, әлеуметтік кәсіпкер екінші деңгейлі банктен кредит алды делік. Мемлекет банк белгілеген пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялайтынын да еске сала кетейік. 5 млн теңгеге дейін берілетін мемлекеттік гранттар конкурсына 2024 жылдан бастап тек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары болып табылатын кәсіпкерлер қатыса алады. Бұл да кәсіпкерлерге әжептәуір көмек. Бұдан бөлек, ақпараттық қолдау да қарастырылған.
Халыққа әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызын түсіндіру үшін медиа жоспар бекітілген. Бұрын Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері туралы статистика жүргізілмеген-ді. Сол үшін жаңа заңда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестрі деген ұғым енгізілген. Бұл реестрге кіру үшін жергілікті атқарушы органдар арнайы комиссия құрады. Оның құрамына кәсіпкерлер палатасы, қауымдастықтар мен кәсіподақтар, мүдделі органдардың өкілдері тартылады. Комиссия мүшелері әлеуметтік кәсіпкерлерден түскен өтінімді қарайды. Олар әлеуметтік кәсіпкердің төрт санаттың қайсысына жататынын анықтап, ортақ шешім қабылдайды. Кейін сол шешімдерін ұлттық экономика министрлігіне жолдайды. Біз соның негізінде әлеуметтік кәсіпорындарды реестрге енгіземіз. Бұл жұмыс тоқсан сайын жүргізіледі. Қазір елдің барлық өңірінде комиссия құрылған. Әлеуметтік кәсіпорындар реестріне кіру процесі шамамен екі апта уақыт алады. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жатады. Бірақ ірі кәсіпорындар кірмейді. Заңды тұлға коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым да бола алады.
Демек, заңды тұлғалар бірлестігі, қауымдастықтар мен қорлар коммерциялық емес ұйымдар саналады. Яғни олар әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне ену үшін өтінім бере алады. Міне, осындай игі мақсатты көздейтін, мемлекет тарапынан да біршама қамқорлыққа ие, ұйымдастыра білгенге ұтымды инстанцияларға жол ашатын жарқын жобадан жаңақорғандық кәсіпкерлердің де тыс қалмай жанды іс-қимылға көшуі маңызды. Бұл екінші жағынан қоғамның барлық мүшесін тек қана өзінің адал еңбегіне сүйеніп, табысты өмір сүруге жетелейтін мемлекеттік идеологияның басты мұраты.

Кайырбай Балзия,
Жаңақорған ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің маманы
30 шілде 2024 ж. 185 0