Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 332

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жазда қандай дәрумендер ішу керек?

Жазда қандай дәрумендер ішу керек?

Фото: 32stomatologia.ru
Көбіміз дәрумендерді күн суыған кезде, тұмау өршитін қыс пен көктемде ішу керек деп ойлаймыз. Бірақ ағзамыз жаз мезгілінде де дәрумендерге мұқтаж.

Жазда жаңа піскен жеміс-көкөністерді көп жесек те, олар ағзаның дәрумендерге деген қажеттілігін толтыра алмайды.

Жазда қандай дәрумендер ішу керек?

Дәрігерлердің айтуынша, жаз мезгілінде адам ағзасына ең қажет дәрумендер - А, С, D және Е.

• D дәрумені ағзамызда күн сәулесінің әсерінен түзілетіндіктен, көбісі жазда оны ішудің қажеті жоқ деп санайды. Бұл дәруменнің адамға қажет мөлшерде түзілуі үшін аптасына кемінде екі рет таңғы сағат 10 мен 15:00 аралығында күн астында жүру керек. Мұндай мүмкіндік әркімде бола бермейді. D дәруменінің ересектерге арналған профилактикалық дозасы – тәулігіне 1000–2000 бірлік, балалар 600 бірлік ішуі керек.

• Жаз мезгілінде ағзадағы С дәруменінің мөлшерін де қадағалап жүру керек. Өйткені ол терімізді сыртқы агрессивті әсерден қорғайтын заттардың бөлінуі үшін аса қажет. Ағзамыз өздігінен С дәруменін түзе алмайды, сондықтан жазда С дәруменіне бай шпинат, блогар бұрышы, қызанақ, алма, апельсин, өрік, киви секілді жеміс-көкөністерді көбірек жеу керек. С дәруменін дәрігердің нұсқауынсыз өз бетінше ішуге болмайды. Оның мөлшерін тек дәрігер есептеп беруі керек.

• Е дәрумені ағза жасушаларын қартаюдан қорғайды, қабыну процестерін тежейді, бастағы қан айналымын жақсартады, шаштың түсуін тоқтатады. Сондықтан теріміз бен шашымыз УФ-сәулелерінен қорғау үшін жазда бұл дәруменді міндетті түрде ішу керек. Бұл дәруменнің дозасын да тек дәрігер жазып беруі тиіс.

• А дәрумені немесе ретинол теріміздің жас қалпында сақталуы үшін аса маңызды. А дәрумені коллагеннің түзілуіне көмектеседі, терінің жаңарып, ылғалдануы үшін маңызды рөл атқарады. Сондықтан теріміз ерекше құрғап кететін жаз мезгілінде А дәруменін де ұмытпау керек.
Дереккөз: massaget.kz
18 шілде 2024 ж. 376 0