ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КУРСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Сунақата ауылында бастау алған оқуға 50 ауыл тұрғыны өтінім беріп, барлығы да оқу курсын ойдағыдай аяқтап шықты.
Бүгін аптаны қорытындылай келе Сунақата ауылдық клуб үйінде «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылық бойынша дәріс алған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Аталған шараға партияның аудандық филиалының төрағасы А.Мажитов арнайы қатысып, оқу-семинарының қатысушыларын құттықтап, сертификаттарды табыстады.
Оқу-семинарына қатысқан ауыл тұрғындары қаржылық сауаттарын арттыруға бағытталған жоба ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп.