№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарызсыз қоғамға ізашар жол

Қарызсыз қоғамға ізашар жол




AMANAT:«Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында Жаңақорған ауданы бойынша алғашқы 50 азамат дәріс алуды бастады.«АМАNАТ» партиясы «Halyk Bank» банкімен бірселіп, өткен жылы еліміздің 8 өңірінде азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосып, 65 мыңнан астам азаматты қаржылық сауаттын жетілдіру курстарынан өткізуге үлес қосқан болатын.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасының тиімділігін атап өтіп, оның игілігін бүкіл еліміз көруі үшін ауқымын кеңейтуді тапсырды.
Осы орайда тиісті органдармен арнайы меморандум әзірленіп, 9 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы және Микроқаржы ұйымдарының қауымдастығы жобаны іске асыруға қосылды. Азаматтарға консультациялық көмек көрсету үшін барлық өңірде «Қарызсыз қоғам» жобалық кеңселері құрылды.
Жалпы «АМАNАТ» партиясының Орталық аппараты бұған дейін халықтың қаржылық сауатын арттыратын мамандар үшін арнайы оқыту өткізіп, 150 қаржылық сарапшыны дайындады. Бұл қатарда біздің облыс бойынша дәріс беретін 5 қаржы сарапшысы бар. Солардың бірі «Қарызсыз қоғам» жобасының Жаңақорған ауданы бойынша сертификатталған тренер, менторы – Әлібек Әкімбек Мұратбекұлы. Бүгінгі оқытуды аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов пен аудандық партия филиалының төрағасы А.Мажитов аталған жобаның қатысушылар үшін маңыздылығын атап өтті.

"Биыл жоба аясында ауданымызда 950 азаматты оқыту жоспарланып отыр. Атап өтетін мәселе, «Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушылары қаржы кеңесшілерінің дәрістерінен бөлек, enbek.kz порталына тіркелу мен жеке кәсіп ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін жасауға дейінгі көптеген сұрақтар бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ, оқу процесіне қатысушыларға заңгерлердің де көмегі беріледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді" - деді Әкімбек Мұратбекұлы.

Айта кетейік кез- келген аудан тұрғыны курсқа жазылу үшін «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласуға болады. Оқу күндізгі форматта, бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күн.
23 ақпан 2024 ж. 255 0