№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘЙГІЛІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: СІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗ НЕ ЕКЕНІН БІЛІҢІЗ

ӘЙГІЛІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: СІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗ НЕ ЕКЕНІН БІЛІҢІЗ

Сіз неден қорқасыз? Сізге әсер ететін, үрейіңізді ұшыратын суреттер бар ма? Кейбір суретке қарағанда денеңіз тітіркеніп, мазасыз күй кешетін кездер болды ма? Ендеше мына 6 суретке қарап, қорқыныш тудыратын бір суретті таңдап көріңіз, ал біз сіздің қандай адам екеніңізді байқап көрейік.
Сіз кіруге қорқатын әрбір үңгірде өзіңіз іздеген нәрсе бар. », дейді - Джозеф Кэмпбелл. Джозеф Джон Кэмпбелл (ағыл. Джозеф Джон Кэмпбелл; 26 наурыз 1904 ж., Нью-Йорк — 30.10.1987, Гонолулу) — америкалық мифология зерттеушісі, салыстырмалы мифология және дінтану бойынша еңбектердің авторы Біздің қорқыныштарымыз көбінесе біздің алға жылжуымызға, өзімізді қамтамасыз етуге және өзімізді толық бақытты сезінуге кедергі болады екен.
Зерттеуші және жазушы Джозеф Кэмпбелл адам өз қорқынышын жеңу үшін өз жүрегіңнің әмірімен жүріп қана өз қазынаңды табасың деген екен. 
Өз қорқыныштарыңызбен бетпе-бет келіп, оған тайсалмай тіке қарап көрдіңіз бе? Тек сонда ғана өміріңізде көрмеген, сезіне алмаған дүниеге енесіз.
Егер  өзіңіз туралы көбірек білгіңіз келсе, бұл сізге қажет сынақ. Оның мәні неде дейсіз бе? Үрейіңізді тудыратын, зәреңізді ұшыратын есікті таңдаңыз.  


1. Қаңыраған үй
Егер осы есікті таңдасаңыз, онда сіз өте қарапайым адамсыз. Ешбір ерекше қасиетіңіз жоқ. Бүкіл әлемді сол күйінде, таз қалапынада көресіз, қабылдайсыз. Шешім қабылдағанда асықпай, байыппен, бәрін талдап барып қабылдайсыз. Сіздің құндылықтарыңыз бен адамгершілік қасиеттеріңіз сізге өте маңызды және сіз басқалардың да оған құрметпен қарайды деп күтесіз. Эмоция жағынан алғанда сіз өте жабық адамсыз және ішкі әлеміңізді тек уақыт сынынан өткен адамдарға ғана ашасыз. Сіздің байлығыңыз - эмоционалды қанағаттану. Адамдармен аралас-құралас сізге тек эмоционалды ғана емес, интеллектуалдық деңгейде де маңызды.
2. Төменге қарай баспалдақ
Егер сіз осы суретті таңдасаңыз, онда сіз өмірді шынымен-ақ сүйесіз, өмірге деген құштарлығыңыз басым, өзіңізді жақсы көресіз. Сонымен қатар, сіз шамадан тыс ойлауға бейімсіз және сіздің ең үлкен үрейіңіз – өлім, сізді жерлеу, өйткені белгісіз дүние, ажал сіздің зәреңізді ұшырады. Сіздің ең үлкен байлығыңыздың бірі – денсаулық. Дұрыс тамақтануды және спортпен шұғылдануды ұмытпаңыз.
3. Мұз үңгір
Мұз үңгір - бұл сізге эмоционалды жылулықты қажет ететін символ. Ауырғаннан қорқасыз және жақын адамдарыңыздан көңіліңіз қалғаннан қорқасыз. Осындай себеппен сіз көбінесе оңаша болғанды қалайсыз. Яғни осындай үрей соған итермелейді. Сіз шын бақытқа не әкелетінін тереңірек білесіз. Сіздің қазынаңыз - махаббат және оның барлық түрінде. Мұз үңгірі - бұл эмоционалды жылулықты қажет ететін символ. Сіз жақын адамдарыңызда ауырсыну мен көңілсіздіктен қорқасыз. Бұл қорқыныш сізді жалғыз болуды таңдауға итермелейді. Негізі сізге не нәрсе нағыз бақыт әкелетінінін білесіз .Ол сіздің жүрегіңіздің түбінде жатыр. Сіздің қазынаңыз – қандай болмасын – махаббат. Қалай білдірсеңіз де, қалай сездірсеңіз де, не істесеңіз де ...
4. Тозығы жеткен үй
Егер мұндай жұпыны үй сіздің үрейіңізді тудырса, бұл сіздің кедейліктен қорқатыныңызды, қаржылық әл-ауқатыңызды жоғалтудан қорқатыныңызды білдіреді. Сіздің қазынаңыз – материалдық құндылықтар. Сіз өте адал және шыншыл адамсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғаларды шынайы бағалайсыз. Иә, сіз қаржылық әл-ауқатқа ұмтылатыныңыз рас, бірақ махаббат пен бақытты ақшаға сатып алуға болмайтынын ұмытып кетесіз. Аналаңыздағылар сізді ақшаңыз үшін емес – сіздің қандай адам екеніңізді білгендіктен жақсы көреді және жақсы көре береді.
5. Тесіктау
Тесіктау сізге қорқыныш тудырса, бұл сіздің эмоцияларыңызды сақтау қиын екенін білдіреді. Сіз ақылды адамсыз, бірақ эмоцияға көп берілесіз, ие бола алмай қаласыз. Және бұл сізді қатты мазалайды. Бұл үрейден арылу үшін  сіз нені сезінетініңізді жақсылап тұрып түсінуіңіз керек. Және оны қабылдап  үйренуіңіз керек. Сіз тек проблемалар туралы ойлауға көп көңіл бөлесіз. Енді оларды шешу жолын іздеуге назар аударатын кез келді. Сіздің байлығыңыз – өзіңізге деген сенімділік. Жаман нәрсеге көңіл аудармаңыз, тіпті көзге де ілмеңіз. Есіңізде болсын, бүгін басыңызға қара бұлт үйірілісе, ертең көкжиектен жарқырап шұғыласын төккен күн шығады. Соны ұмытпаңыз.
6. Шынжырға оралған есік
Сіз өте көп жұмыс істейсіз және ең жоғары көрсеткіштерге ие болуға тырысасыз. Сіз жұмыстың өнімін шығара алатын, жемісін бере алатын, ынталы және ұйымшыл адамсыз. Тек үрейіңізді тудыратын нәрсе – тұрақтылықты жоғалту. Тым көп жұмыс істеп, өзіңізді зорықтырып, діңкеңізді құртасыз, шаршайсыз. Сондықтан демалуға көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз. Жан тыныштығы –  сіздің басты байлығыңыз.

12 шілде 2024 ж. 690 0