ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Мәселен қабылдауға алғаш болып келген кент тұрғыны Унгласын Хайдарова немересінің мүгедектігіне орай тұрғын үй кезегінде тұрғанын, алдағы уақытта тұрғын үйден үмітті екенін жеткізсе, қоғам белсендісі Изатулла Нәрзілдаев аудандағы электр жарығының жөндеу жұмыстарына қатысты пікірін білдірді.
Халықтың мұң-мұқтажын, ұсынысын мұқият тыңдаған Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов тұрғындар тарапынан мәселелерді тыңдап әрі сол мәселелерді шешуге ықпал жасайтынын жеткізді.