№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторларына жаңа қызметтік автокөліктер берілді

Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторларына жаңа қызметтік автокөліктер берілді

Фото: gonimbragu.ru
Бүгінде елімізде полицияның жұмысына барынша қолдау көрсетіліп, оңтайлы жағдай жасалуда. Облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен учаскелік полиция инспекторларына отандық су жаңа «Jac JS4» маркалы 18 бірлік қызметтік автокөліктері берілді, - деп жазды kyzylorda-news.kz сайты. 

Жаңа қызметтік автокөліктер полицейлерге 23 маусым «Қазақстан полициясы күні» мерекесі қарсаңында табысталды. Бұл ретте барыс – келісі қиын шалғай ауылдардың учаскелік полиция инспекторларына басымдық берілді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында өткен шара барысында  Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы учаскелік полиция инспекторларына жаңа жер талғамайтын автокөліктердің кілтін табыс етті.  М.Аблазимов көліктерді тапсырып, өңірдегі қауіпсіздіктің артатынына сенім білдірді. 
Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркегіштермен және аса қуатты көк, қызыл түсті жарық диодты қондырғымен  және навигациялық жүйелермен жабдықталған. 
«Бүгінде елімізде полицияның жұмысына барынша қолдау көрсетіліп, оңтайлы жағдай жасалуда. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен автопарк отандық жаңа көліктермен толықты, барлығы да «Jac» маркалы автокөліктер. Олардың барлығы ішкі істер органдарының негізгі буыны - халықпен тікелей жұмыс жасайтын учаскелік полиция инспекторларына берілді. Бұл ең алдымен өңіріміздің шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 
Облысымызда бүгінгі күні қылмыс деңгейі айтарлықтай азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыс санын азайтуға септігін тигізуде деп ойлаймыз» деді Қызылорда облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов.
Айта кетерлігі, облысымызда 262 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 79 облыс орталығында. Жыл басынан олар 300-ге жуық қылмыстың бетін ашып,  21 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. 
Жаңа авокөліктермен учаскелік полиция инспекторларының қызмет атқару сапасы артып, құқық бұзушылық пен қылмысқа жол бермеуге, ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпті сақтап жүрген полицейлер қызметінің жеделдігін арттырып, облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өз септігін тигізбек.
24 маусым 2024 ж. 170 0