№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Масс-медиа туралы" заң Тоқаевтың қол қоюына жіберілді

"Масс-медиа туралы" заң Тоқаевтың қол қоюына жіберілді

Фото: gov.kz
Сенат депутаттары масс-медиа туралы заңды мақұлдап, президенттің қол қоюына жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатқа ЛГБТ-ны насихаттауға және баспасөз карталарына тыйым салуға қатысты даулы нормалар енбеген.
Құжатты талқылау барысында депутат Зәкіржан Күзиев заңда БАҚ мониторингі ұғымы енгізілгенін атап өтті.
"Ел заңнамасының сақталуына, сондай-ақ жалпыадамзаттық, мәдени, ұлттық және отбасылық құндылықтардың бұзылуына талдау жүргізу деген нені білдіреді? Белгілі бір құндылықтарды кім және қалай бағалайды? Өйткені, бәрімізде құндылық ұғымы мүлдем басқа", - деп сұрады депутат. 
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов бұл журналистер құқығын қорғау секторында пікірталас тудырған өте өзекті мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, құжатқа БАҚ-тың Қазақстан заңнамасының сақталуына талдау жасаумен қатар, мониторингтің жаңа нысаны да енгізілген.
"Біз моральдық, отбасылық немесе әлеуметтік құндылықтардың нормалары заңнамада рәсімделмегенін түсінетінімізді бірден айтқымыз келеді, тиісінше, біз олардың негізінде құқықтық базаны әзірлейтін боламыз. Өлшемдерін анықтайтын қаулылар, ең алдымен, бұл, әрине, біздің кейбір дәстүрлі құндылықтарымызды жоққа шығару, мемлекеттілікті жоққа шығару, бұл біздің бірқатар отбасымылық және басқа да құндылықтарды жоққа шығару деп санаймыз. ", – деп жауап берді Қанат Ысқақов.
Бұл ретте министрлік тәртіп бұзушыларға ешқандай санкция қолданбайды. Оның орнына бөлім қоғамда жағымсыз резонанс тудыратын және ұлттық құндылықтардың немесе жалпы құндылықтардың этикалық мәселелерін бұзу элементтері бар белгілі бір материалдар бойынша ұсыныстар береді.
"Сондықтан біз бұл материалды ауыстыруды немесе түзетуді ұсынамыз, бірақ егер реакция болмаса, біз бұл норма бойынша ешқандай санкцияларды қарастырмаймыз", - деп түйіндеді вице-министр.
Аталған заң:
мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына грант беру арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;
жарияланған материалға талап қоюдың ескіру мерзімін бір жылға белгілеу;
мемлекеттік тілдегі теле және радиобағдарламалар көлемін 50%-дан 60%-ға дейін ұлғайту және шетелдік бағдарламаларды ретрансляциялау үлесін 20%-дан 10%-ға дейін төмендету; 
қоғамның адамгершілік тұрғысында дамуына зиян келтіру мен жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарға нұқсан келтіруге орай заңдардағы жаңалықтарда уәкілетті органның құзыретіне бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жөніндегі функциялар енгізу;
сондай-ақ журналистің кәсіби қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
БАҚ сауалдарын қарау мерзімдерін 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқарту;
журналистердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуы туралы Ұлттық баяндаманы дайындау;
медиаиндустрияны дамыту үшін БАҚ қызметін өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша әлеуметтік және кәсіби кеңестер құруды көздейді.
06 маусым 2024 ж. 176 0