№11 (8925) 10

10 ақпан 2026 ж.

№10 (8924) 7

07 ақпан 2026 ж.

№9 (8923) 3

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қаламгерлер түңгі кітапханада

Қаламгерлер түңгі кітапханада


Жаңақорған ауданы А.Сопыбеков атындағы Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі бүгінгі түнгі кітапханаға ауданның ақындары, журналистері келіпөздерін қызықтырып жүрген кітаптарын алып және республикалық, облыстық басылымдармен танысты. Сондай-ақ келушілерге кітапханашы Асия Жаханова әдебиеттанушы Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Соңында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем-ВООК» жобасы аясында Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, «Шолохов» медальінің иегері, «Жаңақорған ауданның Құрметті азаматы», ақын, журналист Сахиев Файзулла Пәзілбекұлы сұхбат берді.
05 маусым 2024 ж. 371 0