№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңашылдыққа жетелеген семинар

Жаңашылдыққа жетелеген семинар


Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Сауатты білімнің негізі ең алдымен мектепте қаланады. Сондықтан он бір жылдық білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды. Ал оның кілті-ұстаз қолында.


Осы мақсатта аудандық білім бөлімінің қолдауымен Ақсуат ауылындағы №196 орта мектебінде «Әлем сенімен әдемі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық психологиялық қолдау орталығының бөлім басшысы Раушан Мұстафаева, облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскері Раушан Сәлімқызы, Қызылорда облысы бойынша білім бөлімінің әдіскерлері мен педагог-психологтері және ауданның білім беру ұйымдарының педагог-психолог мамандары қатысты.
Айтулы шараны аудандық білім бөлімінің маманы Аида Айнақожаева ұйымдастырып, ерекше тәсілмен, жоғары деңгейде өткізді.
Білім алушылардың өмірге қызығушылығын арттыруға бағытталған «Танысу вальсі» тренингін №286, №54 орта мектеп педагог-психологтері Бегайым Налибаева, Ақмарал Жанатаева жүргізді. Сондай-ақ мектеп педагог-психологтері «Көрме», «Тілек ағашы, АРТ терапия, «Жалғасын тап», сөздік ойындар, «Көңілді дойбы», Арт терапия элементтері тақырыптарында түрлі дәріс түрлерімен танысты.
Семинарды облыстық психологиялық қолдау орталығының бөлім басшысы Раушан Мұстафаева ашып, педагог-психологтердің теориялық-тәжірибелік жұмыстарына сәттілік тіледі. Семинар барысында №110 мектеп-лицейдің педагог-психологтері Гүлназ Әлиева мен Меруерт Әлменова «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. № 223 орта мектеп және №3 мектеп-интернатының педагог-психологтері Мөлдір Оспанова мен Жазира Тұрабаева «Менің ғажайып әлеміме саяхат» тақырыбында құм терапиясына негізделген топтық жұмыс жүргізді. №169 орта мектебінің педагог-психологтері Сапура Әлібекова, Сауле Қожақова «Тұз терапиясы» тақырыбында топтық жұмыс өтті. №239, №86 орта мектеп педагог-психологтері Сауле Бердібекова, Жанерке Қаппарова «Әрқашан бірге, жақсы көңіл-күйде» тақырыбында педагогтармен әуенді терапияның оң әсеріне куә болды. №209, №221 орта мектеп педагог-психологтері Жазира Қалжанова мен Арыстанбек Төлешов «Ата-ана жылуы – балаға саялы бақ» тақырыбында ата-аналармен жұмыс атқарды. №163, №125 орта мектеп педагог-психологтері Жазира Төлешова мен Райхан Талапбаева «МАК» картамен топтық жұмыстың тиімділігін көрсетті. «Фототерапия» топтық жұмысын «Зерек» жеке мектебі мен «Zangar» интелектуалды мектебінің педагог-психологтері Анел Мұраталиева мен Жайна Жұматова жүргізді. «Психолгия менің әлемімде» тақырыбында №289, №208 мектеп педагог-психологтары Гулмира Жетпісова мен Азия Жамалханова, «Қарым-қатынас жарастығы» тимбилдинг сабағын, №245, №196, №255, 256, №213, №229, №224 педагог-психологтері Салтанат Әйменова, Ләйла Бижекеева, Ерлан Сәруар, Лаура Батырханова, Ләззат Тілеулиева, Мадина Абуова, Мақпал Жүнісовалар өзара тәжірибелерін бөлісті.
Семинарда «Баланың ішкі жан-дүниесі» тақырыбында сахналық қойылым ұйымдастырған №223, №184 орта мектеп педагог-психологтары Мөлдір Оспанова мен Маржан Нұрлыбаеваның тақырыпты аша білген біліктіліктеріне көз жетті.
Сондай-ақ, №196 орта мектебінің директоры Т.Есқабылов іс-шараның өз деңгейінде өтуіне ықпал етті.
Облыстық психологиялық қолдау орталығының бөлім басшысы Раушан Серікқызы мен аудандық білім бөлімінің маманы Аида Айнақожаева педагог-психолог мамандарға облыстық, аудандық Алғыс хат, сертефикаттармен марапаттады.
"Дүниенің кілті – білімде". Рас, білім-ғылым дамыған кезде ғана адамзатқа дүниенің сыры ашылады. Ал дүниенің сырын білетін адам ғана әлемнің барша игіліктеріне иелік жасайды.

Әсел РЗАЕВА

20 шілде 2024 ж. 190 0