№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өзбекстанда Орталық Азиядағы ең ірі саябақ салынады

Өзбекстанда Орталық Азиядағы ең ірі саябақ салынады

Өзбекстанда Орталық Азиядағы ең ірі саябақ салынады. Әлемдік деңгейдегі аттракциондардың құрылысын америкалық танымал компания жүргізбек. 

Орталық Азиядағы ең ірі саябақ Тhe Grand Serai деп аталды. Бірегей кешеннің құрамына бірден бірнеше әлемдік деңгейдегі нысандар кіреді. Атап айтқанда барлық маусымда жұмыс істейтін аквапарк, аттракциондар паркі, қонақүй, сауда галереясы, мейрамханалар мен фудкорттар, рекреациялық жағажай аймағы болады. Кешеннің ауданы 28 гектар болды. Оның 20-сына аквапарк салынады. Инвестиция көлемі 200 миллион АҚШ долларынан асады.
The Grand Serai дизайнын дайындауға Universal Studios (АҚШ), Lotte World (Оңтүстік Корея), "Чимелонг" (Қытай) және тағы басқа сияқты әйгілі саябақтар үшін аттракциондар мен шоуларды әзірлеген танымал америкалық Legacy Entertainment компаниясы шақырылды. Компания Өзбекстанға 20-дан аса аттракциондар салып, оған Ду Солей циркі мамандарының шоуын шақырмақ.
03 маусым 2024 ж. 225 0