№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Стоматологиялық емханаларды (кабинеттерді) күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Стоматологиялық емханаларды (кабинеттерді) күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


 
Қуаты ауысымына 50-ден астам адамды қабылдайтын стоматологиялық объектілерде балаларды қабылдау жеке кабинеттерде жүргізіледі.

Қуаты ауысымына 50 және одан аз адамды қабылдайтын стоматологиялық объектілерде терапиялық және ортопедиялық қабылдауларды бір кабинетте жүргізуге, дезинфекциялау-стерильдеу режимдері сақталған кезде ересек адамдар мен балалар ағындарының терапиялық, ортопедиялық, ортодонтиялық бейін бойынша қиылысуына және хирургиялық бейін бойынша жеке болуына рұқсат етіледі.
Селолық елді мекендерде оқшаулау және дезинфекциялау-стерильдеу режимдерін сақтай отырып, хирургиялық және терапиялық бейін бойынша ересектер мен балаларды бірге қабылдау үшін жеке кабинеттердің болуына жол беріледі.
Тұрғын немесе қоғамдық ғимаратта орналасқан стоматологиялық емхананың үй-жайларына бейненің жоғары сезімтал қабылдағышымен (фотозертханасыз) жұмыс істейтін денталдық аппараттар және пантомографтарды және жұмыс жүктемесі аптасына 40 (мА *мин) аспайтын, бейнені цифрлы өңдейтін денталдық аппараттарды орналастыруға жол беріледі.
Хирургиялық стоматология кабинеттерінің жұмысы "таза" және "іріңді" араласулар ағындарын бөлуді ескере отырып ұйымдастырылады.
Әр стоматологиялық кабинетте стерильді материалдар мен құрал-саймандарға арналған үстел немесе құрал-саймандарды сақтауға арналған бактерицидті камера орнатылады.
Барлық стоматологиялық кабинеттер манипуляциялар арасында оларды өңдеу үшін қажетті уақытты ескере отырып, үздіксіз жұмыс істеу үшін жеткілікті көлемде медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
Әрбір қабылдауға жеке стоматологиялық тексеріп-қарау жиыны бөлінеді.
Протездер және балауыз білікшелері бар қалыптар өлшеу алдында дезинфекциялануы тиіс. Бедерлемелерді алуға арналған қасықтар дезинфекцияланады және стерильденеді.
Бор машиналардың ұштықтары дайындаушы зауыттың ұсынымдарына сәйкес әр пайдаланғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алдында тазаланады және стерильденеді.
Кабинеттерді бактерицидті сәулелегіштермен немесе басқа да ауаны зарарсыздандыру құрылғыларымен жабдықтайды.

Б.Увайдаев,
Жаңақорған аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
Басқармасының бас маманы
27 мамыр 2024 ж. 306 0