Сапарың сәтті болсын жас түлек

Осы ретте «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында кент орталығындағы №3 мектеп интернатында мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізілді.
Аталған кездесуде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Әбілпейісұлы үлкен өмірге қадам басқалы отырған түлектерге мамандық таңдаудың маңыздылығы, қыр сыры жайында кеңінен тоқталып, әдемі әңгіме өрбіте отырып, алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілеп, қолдау білдірді.
Енді мектеп бітірушілердің алдында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы тұр. Жолың болсын жас түлек!