Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 83

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Соңғы қоңырау сыңғыры

Соңғы қоңырау сыңғыры


Бүгінгі мектеп бітіруші түлектер үшін соғылғалы тұрған соңғы қоңырау салтанатымен баршаңызды құттықтаймыз.

Бұл күн әрбіріміз үшін қуанышпен еске алып, ұстаздарымызға мың алғыс білдіретін мерейлі сәт.

Ал мектеп бітіруші түлектер үшін бойына білім нәрін сіңірген алтын ұя мектебімен қоштасып өмірдің жаңа бір белесіне қанат қағатын кезеңі.

Ауданымызда 957 мектеп бітіруші түлекке орта білім туралы аттестат табысталатын болады.

Олардың 829 түлегі Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып білім дәрежесін айқындап алғашқы сынақтан өткелі тұр.

Алдағы үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, діттеген меже деңгейінен көрініп, білім алған мектебіңіздің, ұстаздарыңыздың мәртебесін асқақтата берулеріңізге тілектестігімізді білдіреміз.

Болашақта әр қайсысыңыз түрлі саланың кәсіби маман иесі атанып еліміздің өсіп – өркендеп, мәдени-рухани дамуына аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Сіздер Жаңа Қазақстанның ертеңісіздер.

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Өздеріңізге жарқын болашақ, ата-аналарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Еліміз еңселі, төңрегіміз түгел аман болып, жарқын болашаққа апаратын білім мен еңбек жолында шаршамай шыңдала беріңіздер!
25 мамыр 2022 ж. 280 0