Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты

Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты

Қызылорда полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі тапты
Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті мен Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, сондай-ақ Қармақшы АПБ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның “Бүркіт” АЖ бірлесіп 
жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде есірткі мен құжатсыз қару анықталды. Кинология қызмет орталығының қызметтік-іздестіру итінің көмегімен полиция қызметкерлері Қармақшы ауданының тұрғынының сарайынан 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп тәріздес зат тапты. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, бүгінде өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
13 мамыр 2024 ж. 288 0