Каспийдегі кеме қаңқасының видеосы тарады
Желіде Каспий теңізіне батып кеткен ескі кеменің қаңқасы табылғанын айтқан видео тарады. Пайдаланушылар оны сыртқы түріне байланысты «Елес кемесі» деп атауда, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде теңізге батқан ескі кеме бейнеленген видеолар жариялануда. Кадрлардан кеменің қаншалықты тот басқаны анық көрінеді. Бейнежазба авторы бұл екінші дүниежүзілік соғыстан қалған әйгілі кеменің қазір шіріп, қирап жатқанын айтады.
«Баспалдақтары шіріп кеткен, қозғалтқыштардың қосалқы бөлшектері қалған. Қарашы, қазіргі кемелер сияқты жасалмаған. Мүлде басқаша дәнекерленген», - дейді кадрдың ар жағындағы адам.
Ардагер теңізшілердің сөзінше «SSI Aktau» сүңгуір орталығының директоры Олег Морозов бұл жайтты растады. Сондай-ақ ол Каспий теңізінде кеме зиратының бар екенін айтты.
«Ол жерде бұрын КСРО кезінде полигоны болған. Пайдаланудан шығарылған кемелерге зымырандар атылды. Содан браконьерлер сол жерде шекарашылардан жасырынған. Бізде тіпті 1881 жылы жасалған ағайынды Нобельдер дәуірінен қалған суға батқан пароходымыз бар», – деді Олег Морозов.