№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемдегі ең алып кемелер

Әлемдегі ең алып кемелер

 
Ұзындығы 269 метрді құрайтын Титаник кемесі осыған дейін "әлемдегі ең ірі лайнер" деп есептелінген еді. Зымырап өткен уақыт пен сағаттап дамыған технология бұл түсінікке өзгеріс енгізді. Осы технологияның арқасында небір "Титаниктер" дүниеге келді. Ендеше, бүгінгі топтамамызда ХХІ ғасырдың алып кемелері жайында ақпарат ала аласыздар.
 1. Princess Diamond. Бұл алып кеменің салмағы 116 мың тоннаны құрайды. Ал ұзындығы - 294 метр. Кеме 2670 адамға арналған екен. Көлемі Букингем сарайынан он есе үлкен. Кеменің ішінде 700 бөлме мен жүздеген балкон бар.
2. Carnival Dream. Бұл лайнер 130 мың тоннаны құрайды, ұзындығы – 306 метр. Бұл кемеге 3646 жолаушы сыяды. Оған қоса, кеменің жоғарғы бөлігінде бірнеше кинотеатр бар екен. Сонымен қатар, кеме түрлі ойын-сауық орны мен хауыздарға толы.
3. Voyajer of the seas. «Теңіз саяхатшысының» салмағы – 138 тонна, ал ұзындығы 311 метрді құрайды. Бір жерден екінші жерге 3114 жолаушыны еркін тасымалдай алады. Тіпті, бұл кемені "теңіз үстіндегі алып ойын-сауық кешені" деп атаса болады. Себебі, мұнда мұз айдыны, гольф ойынына арналған шағын алаң, телестудия, тағы басқа қызықты орындар бар екен.
4. Celebrity Eclipse. Ал бұл кеменің салмағы – 122 тонна, жалпы ұзындығы – 315 метр. Бұл дегеніміз, кеменің ұзындығы Боинг 747 ұшағынан төрт есе ұзын. Кемеде 19 палуба бар, сонымен қатар, крокет және бочче ойындарын ойнауға арналған алаң бұл кемені өзге кемелерден ерекшелеп тұрады.
5. Norwegian Epic. Мына алыптың салмағы - 156 мың тонна. Ал ұзындығы 329 метрді құрайды. 4100 жолаушыны тасымалдайтын алып кеменің өзіндік қызмет көрсету ерекшеліктері бар. Мысалы, жолаушылардың бөлмелеріне тәулік бойы тегін пицца апарылады.
6. Splendida. Ал мына лайнердің салмағы 137 936 тоннаны құрайды, ұзындығы – 338 метр. 3274 жолаушыны тасымалдай алатын кеме ішінде 25 жеделсаты (лифт) және 1160 балкон бар.
7. Freedom of the Seas. Мына лайнердің салмағы – 160 мың тонна, ал ұзындығы 339 метр. Кемеге 3634 жолаушы сыяды. Көңіл көтеруге ғана арналған бұл кеме Финляндияда жасалған екен.
8. Disney Dream. Мына кеме ертегі әлеміне саяхат жасауға арналған. Оның салмағы – 130 мың тонна, ал ұзындығы – 340 метр. 2500 жолаушыға арналған бұл кеме Диснейленд елінің су бетіндегі көшірмесіндей. Оның жоғарғы бөлігінде кинотеатр мен аквапарк бар. 
9. Queen Mary II. Атауы Британ королі Георг V-тің жұбайы Мария Текскаяның құрметіне берілген бұл кеменің салмағы 151 400 тоннаны құраса, ұзындығы – 345 метр. Ал сыйымдылығы 3640 жолаушыға негізделген. Сырттай көз салса, кеменің ұзындығы 80 турист автобусының ұызндығына тең екен.
10. Royal Carribean. Oasis of the Seas. Мына алыптың ұзындығы – 361 метр, ал салмағы – 223 мың тонна. 5,4 мың адам сыятын бұл кеме Панама каналынан өте алмайды екен, оған себеп – кеме көлемінің үлкендігі. 

Дерккөз: мassaget.kz  
28 сәуір 2018 ж. 1 184 0