Соңғы жаңалықтар

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылорда университенің студенті екі дүркін азия чемпионы атанды

Қызылорда университенің студенті екі дүркін азия чемпионы атанды

Астана қаласында боксшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатта 54 келі салмақтағы 23 жасқа дейінгі ерлер арасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық»  білім беру бағдарламасының студенті, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Алтынбек жеңіске жетіп, екі дүркін Азия чемпионы атанды.
Нұрсұлтан финалда моңғолдық Оюн-Эрденмен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын ұтты. Бұл жеңіс ел тарихына енді. Ол 23 жасқа дейінгі қазақ боксшыларынан шыққан тұңғыш екі дүркін жеңімпаз болды.
Азия жеңімпазын ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР бокс федерациясының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен жеке бапкері Жәміл Жүсіп дайындады.
10 мамыр 2024 ж. 242 0