Соңғы жаңалықтар

№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Шынар Абатова Азия чемпионы атанды

Шынар Абатова Азия чемпионы атанды


Ливанның Джуния қаласында 1-5 маусым аралығында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, 80 келі салмақ дәрежесі бойынша қарсыластарына дес бермеген Шынар Абатова Азия чемпионы атанды.
Шынар Абатова – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 2-курс студенті. Самбо, дзюдо және қазақша күрестен ҚР спорт шебері.

Бұған дейін ол самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР-ның үш дүркін жеңімпазы атанған. Спортшының алдағы жоспары - Әлем чемпионатына қатысып, ел мерейін асқақтату.

Айта кету керек, Азия чемпионы Шынар Абатованы жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Ел намысын қорғап, алтыннан алқа таққан жерлесімізге жиналған қауым ізгі-тілектерін білдірді.

Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
медиа орталығы
07 маусым 2022 ж. 687 0