Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық қалаулылары ел ішінде

Халық қалаулылары ел ішінде



Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы, Сенат депутаттары мен Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлының және аймақтың білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен “Білім беру жүйесін трансформациялау және балалардың құқықтарын қорғаудың басым аспектілері” тақырыбындағы көшпелі комитет отырысы өтті. Отырысқа Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы төрағалық етті.

Мемлекет Басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент еліміздегі білім беру жүйесін трансформациялау мәселесін пысықтауды тапсырған болатын. Осыған орай отырыстың күн тәртібінде білім беру жүйесінде білім сапасын жақсарту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім берудің жаңа тәсілдерін енгізу арқылы трансформациялау мәселелері жан-жақты сараланды.

Отырыста басқарма басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлы аймақтағы жалпы білім беру саласының жай-күйі және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы салада атқарылып жатқан қыруар жұмыстар туралы баяндады. Атап айтсақ, мектепке дейінгі және орта білімге, техникалық және кәсіптік білім беруге қол жетімділік пен білім беру сапасын, халқаралық PISA-2022 нәтижелерін, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасының іске асырылуы мен білім беру ұйымдарында қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін, балалардың құқықтарын қорғаудың және инклюзивті білім берудің ағымдағы жай-күйіне, мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беруде жүзеге асырылып жатқан жобаларға тоқталды.

Білім беру жүйесі - бұл білім алушыларға, яғни оқушыларға білім беру болып табылатын институционалдық құрылымдарды біріктіретін модель. Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу қазіргі қоғамның басым міндеттерінің бірі. Оның қалай дамитындығы, қандай өмірлік құндылықтар сіңіретіні, өзінің болашақ өмірі мен өз елінің өмірін қалай құратыны, бәсекеге қабілетті болуы – мұның бәрі жастардың сапалы білім мен тәрбие алуына байланысты.
29 сәуір 2024 ж. 223 0