Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді

Аралды құтқару халықаралық қорына Қазақстан төрағалық етеді

Фото:ru-abandoned.livejournal.com 
Аралды құтқару халықаралық қорына төрағалық ету кезегі 2024 жылдан бастап елімізге өтті. Алдағы үш жылда аталған ұйымды Қазақстан басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіретін аталған халықаралық ұйым Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырумен айналысады.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Орталық Азия мемлекеттерімен, халықаралық ұйымдармен, қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Биыл біз Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз. Арал теңізін құтқару - бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдердің бірлескен күш-жігерімен ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз», деді министр.
18 сәуір 2024 ж. 186 0