№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САММИТ ЖӘНЕ САЛМАҚТЫ МІНДЕТТЕР

САММИТ ЖӘНЕ САЛМАҚТЫ МІНДЕТТЕР


Жақында халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығына орай Түрікмен­станда қордың құ­рылтайшы мемлекеттері бас­шыларының саммиті өтті. Саммитте қордың құрылған алғашқы күнінен бастап бүкіл Арал өңірінің күрделі әлеуметтік-экономикалық, су шаруа­шылығы және эколо­гия­лық мәселелерін шешуге ба­ғыт­­талған жұмыстардың ат­қа­ры­лып жатқаны атап өтілді. Ұйым­ның белсенді жұмыс істеу нәтижесінде әлемдік қоғам­дас­тық пен халықаралық қаржы инс­титуттары тарапынан ай­тар­­лықтай көмек көрсетіліп келеді. Бірлескен жұмыстардың ар­қа­сында бұл қор БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды.

Саммитте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстары өңірдегі халықтардың ортақ игілігі екеніне тоқталып, аймақтағы мемлекеттер оңтайлы идеялар мен нақты жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.
Бұл орайда Түрікменстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде Арал аймағы елдеріне арналған БҰҰ-ның Арнайы бағдар­ла­ма­сын қабылдау мәселесі қа­рас­тырылуда. Тәжікстанның ұсы­нысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2018 жылдан бастап «Су – орнықты даму көзі» атты ха­лық­аралық іс-қимылдың он­жыл­­дығын жариялады. Өзбек­стан биылғы маусым айында Таш­кентте Орталық Азияның халықаралық экологиялық форумын жоғары деңгейде өткізді. Қырғызстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарының қолдауымен «Шу және Талас өзендерінің бассейн­деріне арналған іс-қимылдардың стратегиялық бағдар­ламасы» әзірленді.
Қазақстан Президенті бірлес­кен іс-қимыл­дың арқасында қол жеткізілген оң нәтижелерге арнайы тоқталды.
– «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» ау­қымды жобасын жүзеге асыру нәти­жесінде Сырдария өзе­ні­нің төменгі саласындағы эко­логиялық жағдай елеулі түрде жақсарды. Солтүстік Арал қал­пына келіп, онда судың деңгейі 2010 жылдан бері тұрақты түрде 42 метрлік көрсеткішті ұстап тұр. Судың тұздылығы төмендеп, теңіздің қоректік базасы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалпына келуде. Арал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі микроклимат пен әлеуметтік жағдай жақсарды. Балық өңдейтін бірқатар кәсіп­орын ашылып, олардың өнімі шетелге экспортталуда, – деді Мемлекет басшысы.
Бүгінгі таңда Арал өңірінде балық аулау көлемі артып, соңғы жылдары оның көрсеткіші 8 мың тоннаға жетті. Қазір бұл салада 8 балық зауыты жұмыс істейді. Ауланған өнімнің тең жарымына жуығы ТМД және Еуропа елдеріне экспортталуда. Арал балығы бүгінде Түркия, Германия, Латвия, Дания және Қытай елдерінің тұтынушыларына жөнелтілуде. Мұның өзі балық шаруашылығының облыс экономикасындағы салмағын арттыра түсумен қатар, оның экспорттық бағытына айқын жол ашты. Ғасыр жобасы атанған САРАТС-тың екінші кезеңі жүзеге асырыла бастады.  Әлемдік қауымдастық бұл мәселені қуаттаумен қатар аймақтың орнықты дамуына арналған жобаларды да қолға алуда. Осы орайда саммитте Арал мәселесі Орта Азия елдерінің арасында Қазақстанда тиімді шешімін тауып жатқаны атап өтілді.
Саммитте халықаралық Арал­ды құтқару қорының мін­деттері егжей-тегжейлі талқы­ланып, Қазақстан бірқатар шаралар ұсынды.
– Қордың қазіргі инсти­тут­тарының негі­зінде Халық­аралық Аралды құтқару қоры­ның ұйымдастырушылық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру қажет. Арал теңізі бассейнінің су ресурстарын басқару жүйесін автоматтандырудың, бөлудің, есепке алудың, мониторинг жасаудың, соның ішінде олардың сапасын жақсартудың уақыты келді. Қазіргі жағдайда Орталық Азияның халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру мәселесіне қайта оралудың маңызы зор. Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетін елдеріміздің біріне тұрақты орналастыру мәселесін қарастыру керек, – деді Қазақстан Президенті.
Бұл кездесу халықаралық ауқымдағы маңызды оқиға болып саналады және су ресурстары мен экология мәселелері бойынша өңірлік кооперация үдерісіне тың серпін береді. Елбасы Қазақстанның осы бағытта белсенді жұмыс атқарып жатқанын айтып, елдер делегацияларын биылғы 10-12 қазанда Астанада өтетін Трансшекаралық су ағыны мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі БҰҰ конвенциясына мүше тараптар кеңесінің VIII сессиясына қатысуға шақырды.  
Саммитте жаңа басымдықтар мен міндеттер айқындалды. Орта­лық Азияның орнықты дамуы мен өркендеуі үшін бұл мәселені шешудің маңызы зор. Бұл мемлекеттердің бірлескен үйлесімді іс-қимылын талап етеді. Ал Қазақстан әрқашан да өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде дәйекті әрі сенімді әріптес болып қала береді.  
Су – сарқылмас байлық емес. Орталық Азия елдері үшін оның өмірлік маңызы зор екені белгілі. Сондықтан, Елбасының халықаралық су-энергетикалық консорциумын құру бастамасы Арал теңізі бассейнінің жаңа тынысын ашады.
04 қыркүйек 2018 ж. 787 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 10:21
Levitra Buy Online Levitra Orosolubile Italia cialis 5mg Viagracheapindia

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 11:28
Cialis Inde Cialis 10mg Gunstig Cephalexin Antibiotic levitra youtube Progesterone Cheap On Line Store Viagra Made In Canada Cialis Bucodispersable